BIM оқыту бағдарламасы: Жобалаудан цифрлық болашаққа

Ұйымдастырушы туралы ақпарат:

NU Institute of New Materials and Energy Technologies (INMET)
Yanwei Wang | Head of Laboratory

Nazarbayev University Жаңа энергетикалық технологиялар мен материалдар институты (INMET) кәсіпорындар, сала мамандары және студенттерді Building Information Modeling (BIM) бойынша үш күндік оқыту бағдарламасына шақырады.

Бағдарлама Beijing Urban Construction Design & Development Group (UCD), Shenzhen University, Shenzhen University Underground Polis Academy және China Civil Engineering Society (CCES-ITAM) Integrated Transportation and Air Mobility Branch серіктестігімен ұйымдастырылады.

Оқыту бағдарламасы тұрақты және орнықты инфрақұрылымды дамытуға қажетті практикалық цифрлық дағдыларды қалыптастыруға, құрылыс саласының цифрлық трансформациясын қолдауға және смарт-қалаларды дамытуға бағытталған.

Қатысушылар BIM технологиясының негізгі бағыттарын қарастырады, соның ішінде:

  • 3D модельдеу – ғимараттар мен инфрақұрылымның цифрлық модельдерін жасау;
  • Ынтымақтастық – ортақ цифрлық модельдер арқылы жобалық топтардың жұмысын үйлестіру;
  • Модельдеу және симуляция – құрылыс басталғанға дейін нысанның жұмыс көрсеткіштерін тексеру және ықтимал мәселелерді анықтау;
  • Деректер және аналитика – негізделген шешімдер қабылдау үшін жобалық деректерді пайдалану;
  • Өмірлік циклді басқару – BIM технологияларын жобалау, құрылыс және пайдалану кезеңдерінің барлығында қолдану;
  • Халықаралық тәжірибе – Қытайдың жетекші салалық және академиялық серіктестерінен тәжірибе алу және сала мамандары мен зерттеушілермен байланыс орнату.

Қатысушылар: құрылыс, инженерия, сәулет және қала құрылысы салаларындағы кәсіпорындар, сала мамандары және студенттер. BIM бойынша алдын ала тәжірибе талап етілмейді.

Қатысу ақысы:

  • Сала мамандары үшін – 500 000 теңге
  • Студенттер үшін – тегін

Бағдарлама BIM технологиялары бойынша практикалық білім алуға, халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасуға және оларды болашақ инфрақұрылым мен смарт-қалаларды дамытуда қолдану мүмкіндіктерін зерделеуге мүмкіндік береді.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53