“Адамдарды және команданы басқару” семинары

Information about the organizer:

Graduate Schools of Business
Dina Meiramova
+7 (7172) 70-64-00

Қазіргі бизнес әлемінде табыс тек стратегияға ғана емес, сонымен қатар басшының адамдармен қаншалықты тиімді жұмыс істейтініне де байланысты. Яғни, оның қызметкерлерді ынталандыру, міндеттерді дұрыс бөлу, шешім қабылдау және команда әлеуетін дамыту қабілетіне тәуелді.

Бағдарлама заманауи және өзекті басқару тәсілдеріне негізделген және күрделі басқару тұжырымдамаларын түсінікті әрі нақты жұмыс барысында қолдануға ыңғайлы етуге бағытталған. Семинар барысында қатысушылар адамдарды басқарудың негізгі аспектілерін, соның ішінде мотивация, өкілеттіктерді бөлу, шешім қабылдау және команданы дамыту мәселелерін қарастырады.

Бағдарламадан кейін не үйренесіз:

  • Адамдар мен командаларды тиімді басқарудың негізгі тұжырымдамаларын түсіну;
  • Қызметкерлер мен командаларды басқаруға арналған практикалық құралдарды қолдану;
  • Жеке және топтық шешім қабылдаудың күшті жақтары мен шектеулерін түсіну;
  • Командадағы рөлдерді анықтап, бұл білімді жұмыс тиімділігін арттыру үшін пайдалану;
  • KPI-ді түсініп, оны нәтижелілікті бағалау үшін қолдану;
  • Мотивация түрлерін ажыратып, команданы дамыту және ынталандыру үшін тиісті құралдарды қолдану.

Оқытушы: Онаджомо (Она) Акему — Амстердам университетінің ассистент-профессоры

Менеджмент және кәсіпкерлік бойынша PhD, Роттердам менеджмент мектебі MBA, Лондон бизнес мектебі M.Sc, Империялық колледж Лондон Доктор Акему MBA және Executive MBA бағдарламаларында табысты дәріс оқиды, сондай-ақ Қазақстандық және халықаралық компаниялар үшін «Адамдар мен командаларды басқару», «Келіссөздер» тақырыптары бойынша корпоративтік оқыту жүргізді.

Тренинг қалай өтеді: 2 күндік семинар Астана қаласында орын алады.

Дәрістер, топтық жұмыстар, кейстерді талқылау және басқа жаттығулар жасауды қамтиды.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53