Біз туралы

NU-да жұмыс істеу

Неге НУ-да жұмыс істеу керек?

Халықаралық оқытушы-профессорлық құрамы

Назарбаев Университеті (NU) әлемнің 50 елінен келген 500-ге жуық адамнан тұратын, халықаралық оқытушы-профессорлық құрамын (ОПҚ) мақтан тұтады. НУ – қазақстандық жоғары білім беру жүйесін реформалаудың пионері және оқыту, зерттеу және инновация саласындағы халықаралық стандарттарды лайықты түрде қолданады. 2011 жылдан бері біздің профессорларымыз бен зерттеушілеріміз 5600-ға жуық халықаралық ғылыми мақалалар жариялады. НУ бүкіл әлем бойынша тәжірибелері мен білімідернің арқасында біздің университет пен Қазақстанның дамуына үлес қоса алатын, үздік оқытушыларды тартады.

 

0 %

Әлемдегі ең көп дәйексөз келтірілетін басылымдардың үздік 10%-ына кіретін мақалалар

0 +

Халықаралық басылымдар

0

Зерттеу және оқыту зертханалары

0 +

Студенттердің басылымдар

Көп мәдениетті қоғамдастық

Назарбаев Университеті — әлемнің 60 елінен келген студенттер оқитын, оқытушылар мен қызметкерлер жұмыс істейтін, көп мәдениетті оқу орны. Біз НУ қоғамдастығының мүшелері үшін ортақ мақсаттарды, құндылықтары мен миссияларын түсіну арқылы, әртүрлілік және сыйластық қағидаттарын басшылыққа алатын, ұйымдасқан команданың бөлігі екенін сезінуіне жағдай жасаймыз.

Ғылыми орталықтар

Назарбаев Университетінің ғалымдары көптеген бағыттарда зерттеулер жүргізуде және инновациялар, талдау және ынтымақтастық арқылы осы саладағы білім аясын кеңейтуге тырысады. Біздің университет НУ мектептерінде, «Астана ұлттық зертханасы» және «Назарбаев Университетінің ғылыми-инновациялық жүйесі» (NURIS) жеке мекемелерінде 62 зерттеу және оқытушылық зертханалар бар екенін мақтан тұтады.

Қаржыландыру

НУ ғылыми бағдарламаларына арналған зерттеу гранттарымен қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, 2017 жылдан бастап біз бәсекелестікке қабілетті ғылыми зерттеулерді дамытуға арналған гранттар бағдарламасы (FDCRGP) аясында педагогикалық зерттеулерге қолдау көрсетудеміз. Құқықтанушы мұғалімдерге Бірлескен зерттеу бағдарламасы (CRP), сондай-ақ Пәнаралық зерттеулердің халықаралық бағдарламасы (РДЭР) арқылы қосымша қолдау көрсетіледі.

  • Ішкі және халықаралық беделдің артуы
  • Танымал NU бренд
  • Әртүрлілік, меритократия, жоғары этикалық принциптер, айқындылық және ашықтық сияқты құндылықтарды ұстану
  • Халықаралық факультет
  • Ғылыми зерттеулурді мықты қолдау
  • Өзгерістерге бейім, жас, қуатты және икемді институт
  • Өз қызметкерлеріне жеңілдіктердің ауқымды пакеті
  • Кампустағы қызықты өмір
  • Кампустың мүмкіндіктері
  • Біліктілікті жоғарылату және мансаптық өсу мүмкіндігі

Мансаптық өсу мүмкіндіктері

НУ өзінің қызметкерлеріне университеттің стратегиялық мақсаттарына ғана емес, сондай-ақ жеке даму жоспары мен қызметкердің мансаптық жоспарына сәйкес келетін мансаптық мүмкіндіктердің кең ауқымын ұсынады. Осылайша, біз әрбір қызметкердің жеке мансабын дамытуға тырысамыз. Университеттегі жұмыс барлық қызметкерлер үшін қызықты және ыңғайлы болатындықтан, НУ персоналды басқару саласында қолданыстағы саясат пен тәжірибені үнемі жетілдіріп отырады. Қазіргі уақытта НУ-да мынадай көлденең және тік мансаптық мүмкіндіктер бар:

  • Ішкі ілгерілету;
  • Шедоинг әдісімен оқыту;
  • НУ ұйымдарына жұмысқа орналасу;
  • Әкімшілік қызметкерді басқа қызметке ауыстыру.

НУ-дағы өмір

NU кампусындағы өмір тек қана оқумен және жұмыс істеумен шектелмейді, сонымен қатар әртүрлі мәдени, спорттық, кәсіби және корпоративтік іс-шараларды қамтиды. Қысқаша айтқанда, барлық студенттер, профессорлар мен оқытушылар НУ қоғамдастығының бір бөлігі болып табылады, олардың қызметі Университетіміздің пайымдауы, миссиясы, мақсаттары мен міндеттеріне жетуге көмектеседі.

Бізде 5 күндік жұмыс аптасы: дүйсенбіден жұмаға дейін, 08: 30-дан 17: 30-ға дейін және түскі үзіліс 12: 30-дан 13: 30-ға дейін. НУ өз қызметкерлері үшін көптеген корпоративтік іс-шараларды ұйымдастырады: тимбилдинг, Quizland, Наурыз, жаңа қызметкерлерді бейімдеу, жаңа жылдық корпоративтік іс-шара, студенттер мен қызметкерлерге арналған жалпы университеттік іс-шаралар: ашық лекциялар, семинарлар, пікірталастар, мәдени, спорттық және сауықтыру іс-шаралары және жарыстар.

Денсаулық және бақуаттылық

Денсаулық
NU кампусында орналасқан Университеттің Денсаулық орталығы (UHC) жұмыс күндері 8:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбіде сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. НУ кампусында медицина кабинеті бар, ол түнгі уақытта сағат 20:00-ден 8:00-ге дейін, сенбіде сағат 13:00-ден 8:00-ге дейін, сондай-ақ жексенбі және мереке күндері – тәулік бойы жұмыс істейді.

Спорттық өмір
Дене қимылының белсенділігі, фитнес және спорт Назарбаев Университетінде университеттік өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Спортпен тұрақты шұғылданудың денсаулық үшін айқын артықшылығының болуымен қатар, ол сондай-ақ біздің студенттеріміз бен қызметкерлерімізге командалық жұмыс және көшбасшылық дағдыларын дамытуға, әр түрлі әлеуметтік және этникалық топтарда қарым-қатынас жасауға және жаңа достар табуға мүмкіндік береді.

Назарбаев Университеті қызметкерлердің белсенділігін қолдаудың спортпен шұғылдану, спорт клубтары, спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және басқа да көптеген кең мүмкіндіктерін ұсынады.

НУ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

НУ-да біз академиялық және әкімшілік лауазымдарға ең талантты қызметкерлерді іріктеп алу және тұрақтандыру үшін қолайлы жағдай жасаймыз. HR стратегиясының басым бағыттарының бірі – мансапты дамыту, үздіксіз білім беру, кәсіпқойлық, қызметкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жергілікті қызметкерлердің әлеуетін арттыру. Бізбен жұмыс істесеңіз, сізге қол жеткізуге болатын іс-шаралар:

  • LinkedIn Learning (онлайн-оқыту платформасы);
  • Ағылшын тілі курстары;
  • Кітапхана (электрондық және баспа ресурстары);
  • Жалпы университеттік талқылаулар, семинарлар, воркшоптар, тренингтер және т.б.;
  • Қонақ дәрістері.

Ішкі кәсіби және жеке даму мүмкіндіктерінен басқа НУ қызметкерлері академиялық дәреже беретін бағдарламаларды қоса алғанда, сыртқы тренингтерден де өтеді.

Университеттің қызметкерлері үшін оқытудың толық мүмкіндіктерінің бірі – толық қаржыландырылатын «Талап» стипендиясы. Бұл стипендия магистрлік, докторлық, модульдік бағдарламаларды, МВА бағдарламаларын, Executive MBA бағдарламаларын, сондай-ақ ғылыми және кәсіби тағылымдамаларды қаржыландырады.

Этика кодексі

Этика кодексі Назарбаев Университеті қоғамдастығы мүшелерінің жеке рөліне, лауазымына немесе қызмет түріне қарамастан құндылықтары мен мінез-құлық дағдыларын бейнелейді. Этика кодексі НУ қоғамдастығының мүшелеріне өздерінің этикалық және мінез-құлық міндеттерін түсінуге, сондай-ақ олардың жұмысында және/немесе Университетпен өзара әрекеттесу кезінде туындауы мүмкін этикалық мәселелерді анықтауға және шешуге көмектесуге бағытталған.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53