Біз туралы

Әкімшілік

Басшылық

Nazarbayev University (NU) басшылығы Университеттің стратегиялық дамуын және тиімді жұмысын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеттеріне ішкі саясаттарды қалыптастыру, қаржы мен ресурстарды басқару, академиялық және әкімшілік құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру, мемлекеттік және халықаралық серіктестермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру мен ғылыми зерттеулердің жоғары сапасын
қамтамасыз ету жатады.
NU басқару жүйесіне мыналар кіреді:
Жоғары қамқоршылық кеңес – жоғары басқару органы
Қамқоршылық кеңес – басқару органы
Басқарушы кеңес – атқарушы орган
Академиялық кеңес – академиялық (білім беру) қызмет мәселелері жөніндегі орган
Ғылыми кеңес – ғылыми қызмет мәселелері жөніндегі орган
Басқарушы кеңестің құрамы:
Президент
Атқарушы вице-президент
Провост
Түрлі әкімшілік бағыттарды қадағалайтын вице-президенттер.
Бacқарушы кеңес
Nazarbayev University Басқарушы кеңесі Университеттің қазіргі қызметіне жалпы басшылық жасайды, оның даму стратегиясын іс жүзінде іске асырады және Жоғары қамқоршылық кеңес пен Қамқоршылық кеңестің шешімдерінің негізінде әрі оларды орындау мақсатында әрекет етеді.
Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53