Назарбаев Университетінің докторантура бағдарламаларына өтінім беру мерзімінің ұзартылуы

Құрметті үміткерлер,

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін докторантура бағдарламаларына онлайн өтінім беру мерзімі ұзартылғанын хабарлаймыз.

Жаңартылған өтінім беру мерзімі:

  •  10 сәуір 2026 жыл, сағат 14:00 (Астана уақыты бойынша).

IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:

  • 10 сәуір 2026 жыл, сағат 23.59 (Астана уақыты бойынша).

Конкурсқа қатысуға үміткер келесі қадамдарды орындауы қажет: 

1️. admissions.nu.edu.kz сайтына тіркеліп, Жеке кабинет ашу.

2️. Өтінім нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүктеу.

3️. Тіркелу жарнасын төлеп, «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтінімді жіберу.

Маңызды: Тіркелу жарнасы қайтарылмайды және оны «My Application Forms» бөлімінде тек онлайн транзакциялар қолжетімді банктік картамен төлеу қажет. Өтінім жіберілгеннен кейін оны өзгерту мүмкін емес.

4. IELTS (онлайн-тесттен басқа) немесе TOEFL (Home Edition-нен басқа) сертификаттарының сканерленген көшірмесін/электронды сертификатты Жеке кабинеттегі «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне жүктеу.

Институт кодтары:

IELTS: Nazarbayev University

TOEFL: 6762

Қабылдау бойынша сұрақтарыңыз болса, Талапкерлерді қолдау орталығына хабарласыңыз:

Электрондық пошта: info_admissions@nu.edu.kz

Тел.: +7 (7172) 64 25 84, +7 (747) 094 02 30

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53