Қоңақтардың көңіл-күйіне сай, мереке күніңде ауа-райы да жылы болды: күн жарқырап, астаналық жел басылды. Университет аумағындағы сахнада студенттер концерт қойып, ұлттық аспаптарда ойнап, қазақтың дәстүрлі билерін билеп, ән шырқады.
Президент Шигео Катсу өзінің құттықтау сөзінде барлық студенттерді, мұғалімдерді және қонақтарды қазақ тілінде Наурыз мейрамымен құттықтап, баршаға жаңа жылда зор денсаулық және жаңа жетістіктерге жетуге тіледі.
Мерекенің есте қаларлық бөлігі сән көрсетілімі болды, онда студенттер заманауи үлгіде қазақтың дәстүрлі киімдерін ұсынды. Ал қолөнерге әуес жандар үшін қыш шеберханасы мен көрме ашылды, көрсетілген барлық бұйымдарды студенттер өздері жасаған.
Мерекенің барлық қонақтары ұлттық тағамдардан, жаңа піскен бауырсақтар мен наурыз көжеден дәм татты. Назарбаев Университетінің студенттері шетелдік достары мен оқытушыларына қазақ мәдениеті туралы мақтанышпен айтты.
Мереке қазақтың салт-дәстүрі тақырыбындағы квестпен және ұлттық спорт ойындарымен жалғасты. Барлық қонақтар алтыбақан мініп, сонымен қатар «ашық микрофон» кезінде өз өнерлерін көрсете білді.







