SANTO Бас Директорының NU Медицина мектебіндегі дәрісі өтті

Бұл дәріс «Фармакология және токсикология саласындағы магистратура» (MPToX) және «Молекулалық медицина саласындағы магистратура» (MMM) бағдарламаларына арналған «Дәрі-дәрмектерді ашу» курсының бөлігі болды. Адам Алексюк студенттерден, оқытушы-профессорлар құрамнан және сала мамандарынан құралған аудитория алдында сөз сөйледі, ол пациенттердің қажетті емге қолжетімділігін кеңейтудегі патенттелмеген препараттардың маңызды рөлі туралы айтты.

Бұл дәріс «Фармакология және токсикология саласындағы магистратура» (MPToX) және «Молекулалық медицина саласындағы магистратура» (MMM) бағдарламаларына арналған «Дәрі-дәрмектерді ашу» курсының бөлігі болды.

Адам Алексюк студенттерден, оқытушы-профессорлар құрамнан және сала мамандарынан құралған аудитория алдында сөз сөйледі, ол пациенттердің қажетті емге қолжетімділігін кеңейтудегі патенттелмеген препараттардың маңызды рөлі туралы айтты. Ол денсаулық сақтау инфрақұрылымын қолдауда және халықты қолжетімді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде SANTO сияқты жергілікті өндірушілердің маңыздылығын атап өтті.

«Мен студенттердің алдында сөз сөйлегеніме, энергияға толы және нағыз кәсіпқой болғысы келетін жас дарынды адамдарды көргеніме қуаныштымын. Білім — денсаулық сақтаудың болашағының кілті. SANTO академиялық бағдарламасы сияқты бастамалардың арқасында, пациенттердің денсаулығы мен әл-ауқаты әрқашан назарда болатын болашақтың фармацевтикалық негізін қалыптастыратын қажетті білім мен дағдыларды студенттерге береміз. Серіктесіміз Назарбаев Университетінің Медицина мектебімен бірге біз Денсаулық сақтау саласындағы инновациялар мен саланы дамытуға дайын жол салушылардың жаңа буынын тәрбиелеп жатырмыз. Біз SANTO өндірістік алаңының базасында осындай теориялық және практикалық тұрғыдан да біздің білім беру семинарларын жалғастыратынымыз сөзсіз», — деп Polpharma Group компаниялар тобына кіретін SANTO-ның бас директоры Адам Алексюк атап өтті.

Дәрісте Қазақстандағы дженериктердің фармацевтикалық индустриясының маңыздылығы атап өтілді, SANTO сияқты компаниялар емдеу жүргізуде және тұрақты, өзін-өзі қамтамасыз ететін денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруда шешуші рөл атқаратыны айтылды. Алексюк мырза нарық қарқынына, жергілікті өндірушілердің проблемаларына және осы кедергілерді жеңу үшін қолданылатын стратегияларға жан-жақты шолу жасады.

«Патенттелмеген дженериктер — дәрілерді көп адамдарға қолжетімді ететін денсаулық сақтаудың ажырамас бөлігі. SANTO сияқты жергілікті дженерик өндірушілерімен ынтымақтастық, біздің студенттерге қазақстандық дженериктердің өндірісі туралы хабардар болуға мүмкіндік береді», — деді қауымдастырылған профессор, НУ медицина мектебінің MPTox бағдарламасының директоры.

Іс-шара денсаулық сақтау сияқты маңызды салаларда студенттерге білім беру мүмкіндіктерін кеңейту және кәсіби диалогқа үлес қосу барысындағы НУ Медицина мектебінің тұрақты ынтасының бір бөлігіне айналды.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53