Назарбаев Университеті Jusan тобына қатысты азаматтық-құқықтық процеске байланысты университеттің жұмысы мен студенттердің мүдделері қозғалмайтынын хабарлайды.
Назарбаев Университетінің қызметі түрлі көздерден қаржыландырылады, оның ішінде республикалық бюджет, Назарбаев қоры (Nazarbayev Fund, Нұрсұлтан Назарбаев Қорымен шатастырмау үшін https://fnn.kz/en), New Generation Fund (NGF) эндаумент қоры және басқа да көздер.
New Generation Fund (NGF) АҚШ-та тіркелген, оның жарғысында оның жалғыз мақсаты Назарбаев Университетінің (NU) және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (НЗМ) білім беру жүйесін қаржыландыру болып табылады. АҚШ юрисдикциясында NGF құруды таңдау корпоративтік басқару режимінің сенімділігімен, заң үстемдігіне берік ұстанымымен және филантроптар мен қайырымдылық ұйымдарының қайырымдылықтарын тартудың маңызды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі.
Jysan Holding, Jusan Technologies және Jusan Bank NGF эндаумент қорының құрамына кіреді. NGF-те физикалық (заңды) акционерлер (қатысушылар) жоқ екенін ескертеміз.
Алматы прокуратурасы келтірген талап-арыздарға сәйкес, талапкер Jusan Technologies-ке меншік құқығын беруді жарамсыз деп тану және Jusan Bank бақылауын Назарбаев қорына беруді беруді көздеп отыр. Назарбаев қорының мақсаты NGF максатына сәйкес.
Осылайша, талап арыздың Jusan Bank банкінің жұмысына қатысы жоқ екенін ескерсек, NU және НЗМ банк жұмысының бенефициарлары болып қала береді.
Қосымша ақпарат:
NGF эндаумент қоры – білім мен ғылымды қаржыландыру үшін коммерциялық емес мақсатта пайдалануға арналған. Ол әлемнің жетекші зерттеу университеттер — Сингапур университеті, Оксфорд, Кембридж, Стэнфорд және басқа университеттер сияқты — қаржыландыру схемасының үлгісі бойынша құрылған эндаумент қоры. АҚШ-та алғашқы эндаумент қорын Гарвард университетінің түлектері құрды. Бұл Гарвардтың ең үлкен қоры. Осылайша, эндаумент қорлары саяси және экономикалық өзгерістерге қарамастан университеттердің өміршеңдігін мен ғылымды қаржыландырудың үздіксіздігін қамтамасыз етіледі.








