14 қазанда NU өкілдері Мұхаммед әл-Хорезми атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университетінің (ТАТУ) өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында NU профессорлары Бағдарламалық қамтамасыз ету, Компьютерлік инженерия және Киберқауіпсіздік факультеттерінде оқитын 2 және 3 курс студенттеріне дәріс оқыды.
Майкл Льюис, НУ-дың Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің Қауымдастырылған профессоры, «Ақпараттық қауіпсіздікке кіріспе» тақырыбында презентация жасады.
Ал оның әріптесі НУ-дың Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің Қауымдастырылған профессоры Майкл Гуд өз дәрісінде фундаменталды константалар туралы айтты.







