1558 жылы құрылған Фридрих Шиллер атындағы Йена университеті Германияның ең көне университеттерінің бірі болып табылады. Карл Маркс, Джордж Вильгельм Фридрих Гегель, Готфрид Вильгельм Лейбниц, Фридрих Шиллер және Александр фон Гумбольдт сияқты танымал тұлғалар – университет түлектері. Бүгінде университетте 18000-ға жуық студент оқиды, оның 15%-ы 120 елден келген шетелдік студенттер. Фридрих Шиллер атындағы Йена университеті теологиядан медицинаға дейін қамтитын 10 факультетте 122 дипломдық бағдарламаны ұсынады. Университет 50-ден астам елдегі 200-ден астам университеттермен кең ынтымақтастық байланыстар арқылы ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамытып, студенттер мен ғалымдарға академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін ұсынады.
Қол қойылған Келісім шеңберінде тараптар бакалавриат және магистратура студенттерімен алмасуда ынтымақтасуға келісті. Сонымен қатар, ынтымақтастық өзара қызығушылық тудыратын ақпарат пен құжаттармен алмасуға және бірлескен зерттеу мүмкіндіктерін, семинарларды, кездесулерді, дәрістер мен клубтық іс-шараларды ұйымдастыруды қарастырады.








