Founders Weekend 2026

Ұйымдастырушы туралы ақпарат:

NU Impact Foundation
Sattar Utkelbayev | Head of the NURIS Center

22 және 29 тамыз күндері Nazarbayev University-де ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға бағытталған SITF-тің екі күндік Founders Weekend 2026 бағдарламасы өтеді.

  • 1-күн (22 тамыз) – бизнес-интенсив: Business Model Canvas, питчинг және қаржыландыру көздері бойынша воркшоптар, сондай-ақ сарапшылармен жеке консультациялар.
  • 2-күн (29 тамыз) – жобаларды қазылар алқасының алдында питчинг жасау.

Жеңімпаз команда Сан-Францискода өтетін TechCrunch Disrupt 2026 конференциясына аттанады – сапарға байланысты барлық шығынды ұйымдастырушылар өз мойнына алады.

Қатысушылар: студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар (18+).

Тіркелген компанияның немесе бизнес тәжірибесінің болуы талап етілмейді – жеке немесе команда құрамында қатысуға болады. Қатысу тегін, іріктеу арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарлама NU Impact Foundation қолдауымен өткізіледі.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53