NU стратегиялық басымдықтарды іске асыру мақсатында академиялық құрылымын жаңартуда

Еліміздің экономикасы үшін білікті мамандар даярлау және ғылымның озық бағыттарын дамытуға бағытталған ұзақмерзімді даму стратегиясы аясында Nazarbayev University 2026–2027 оқу жылына арналған академиялық құрылымын жаңартты. Өзгерістер аясында Докторантура институты, Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект мектебі өз жұмысын бастайды, сондай-ақ Инженерия мектебі қайта құрылымдалды. Бұдан бөлек, Медицина мектебінде жаңа департамент құрылып, университеттің бірқатар академиялық және әкімшілік бөлімшесіне жаңа басшылар тағайындалды.

Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект мектебі

Жаңа Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект мектебінің (SCAI) деканы болып жетекші ғалым, новатор, университет жанындағы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) негізін қалаушы директоры профессор Атакан Варол тағайындалды. Профессор Маттео Рубаготти академиялық мәселелер жөніндегі вице-деканның міндетін атқарушы болып, ал профессор Дөрбетхан Сұраған зерттеулер мен инновациялар жөніндегі вице-деканның міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Инженерия мектебі

Қайта құрылымдалған Инженерия мектебі (SoE) деканының міндетін профессор Ессам Шехаб атқарады. Бұған дейін ол Механикалық және аэроғарыш инженериясы департаментін басқарған. Департаменттің жаңа басшысы болып профессор Шериф Гуда тағайындалды. Академиялық мәселелер жөніндегі вице-деканның міндетін профессор Пейман Пурафшари атқарады. Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар департаментінің басшысы болып профессор Масуд Риази тағайындалды.

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің (SSH) деканының міндетін профессор Риккардо Пелиццо атқарады. Бұған дейін ол Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің деканы қызметін атқарған. Мектептің вице-деканы болып профессор Колин Нокс тағайындалды.

Медицина мектебі

Медицина мектебінде (NUSoM) Биология департаменті мен Биомедициналық ғылымдар департаментін біріктіру арқылы Биологиялық және биомедициналық ғылымдар департаменті құрылды.

NU-дың медицина жөніндегі вице-президенті әрі Медицина мектебінің деканы болып биомедицина саласындағы көрнекті ғалым профессор Хак Хуэй Нг тағайындалды. Бұған дейін ол Сингапурдың Ғылым, технологиялар және зерттеулер агенттігінде (A*STAR) ғылыми қызмет және кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі бас директордың орынбасары қызметін атқарған. Бұл агенттік – Сингапурдың жетекші ұлттық ғылыми-зерттеу ұйымы. Клиникалық әріптестік жөніндегі вице-декан болып профессор Әбдужаппар Ғайыпов, ал Биологиялық және биомедициналық ғылымдар департаментінің басшысы болып профессор Антонио Саррия-Сантамера тағайындалды.

Өзге тағайындаулар

Профессор Эрик Венте Университетке дейінгі дайындық орталығының бас директоры міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұған дейін ол орталық бас директорының орынбасары қызметін атқарған.

Профессор Шазим Мемон докторантура бағдарламалары жөніндегі қауымдастырылған провост болып тағайындалды. Осыған дейін ол Инженерия мектебінде сабақ берген.

Академиялық қолдау орталығының жаңа директоры болып профессор Томас Дьюк тағайындалды. Бұған дейін ол Академиялық жазу орталығын басқарған.

Әріптестерімізді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, алдағы бастамаларды табысты жүзеге асыруына, университеттің одан әрі дамуына және оның Орталық Азия мен Кавказдағы жетекші университет ретіндегі академиялық көшбасшылығын нығайтуына тілектеспіз!

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53