Шетелдік студенттер NU аумағында ағаш отырғызды

4 қазан күні Nazarbayev University аумағында NU Impact Foundation, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігі және Университеттің Тұрақты даму офисі бірлесіп ұйымдастырған ағаш отырғызу акциясы өтті.

Іс-шараға 80-нен астам адам қатысты, олардың қатарында жергілікті және шетелдік студенттер, сондай-ақ ЮНИСЕФ еріктілері болды. Бұл бастама — Астана қаласы әкімдігі жүзеге асырып жатқан елорданы көгалдандыру және абаттандыру бағдарламасына Университеттің қосқан үлесі.

«Біздің студенттеріміздің экологиялық бастамаларға белсене қатысып жүргеніне мақтанамыз. Мұндай іс-шаралар жастардың тұрақты болашақ алдындағы жауапкершілігін арттырып, университет кампусын одан әрі жасыл әрі жайлы етеді», — деді NU Тұрақты даму офисі басшысының міндетін атқарушы Салтанат Басембекова.

Ағаш отырғызу — NU-дың экологиялық тұрақты кампус ортасын қалыптастыру және тұрақты даму қағидаттарын студенттік өмірге енгізу бағытындағы ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі. Сондай-ақ бұл бастама — Университеттің халықаралық ұйымдармен практикалық ынтымақтастығының және студенттердің Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қатысуының жарқын үлгісі.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53