Forbes Kazakhstan жыл сайынғы түрлі саладағы жас көшбасшылардың 30 Under 30 тізімінде биылғы жылы Назарбаев Университетінің (NU) үш түлегі бар.
Саддам Асматуллаев — Meta компаниясының Generative AI бағытында жұмыс істейтін инженерлік тобының жетекшісі және Real Qadam подкастының авторы. NU-дің Computer Science мамандығы бойынша түлегі, ол студент кезінде олимпиадалар мен хакатондарға қатысқан. 2018 жылы оның командасы Әл-Хорезми атындағы Халықаралық студенттік математикалық олимпиадасында үш күміс медаль жеңіп алды, ал Саддам марапат қағазымен атап өтілді. Үшінші курста Exponential атты стартапты іске қосып, қазақстандық әзірлеушілерге жаһандық техкомпанияларға жол ашуға көмектесті. Бұл платформа 2023 жылы DataBoom компаниясына сатылды.
Асель Ибадулла — Гарвард университетінің Health Systems Innovation Lab зертханасында жұмыс істейді және Орталық Азия студенттеріне үздік шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге көмектесетін Aspire Admissions жобасын дамытып жүр. Ол — Стэнфорд университетінің Knight-Hennessy стипендиясын (350 млн теңге эквивалентінде) жеңіп алған алғашқы қазақстандық, сондай-ақ медициналық технологияларды модельдеу саласы бойынша PhD бағдарламасына қабылданған екі шетелдік студенттің бірі. NU-де оқып жүрген кезінде Асель психикалық жай-күйді анықтауға арналған Mind Matters цифрлық көмекшісін әзірледі. Бұл жоба Қытайдағы үздік он әлеуметтік кәсіпкерлік бастамасының қатарына кірді.
Гаини Құсайынова — Amazon компаниясында Applied Scientist ретінде жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологияларын зерттейді. Оның күрделі құжаттарды визуалды тану жүйесі WebDevCon конференциясында жоғары бағаланды. NU-дің Computer Science мамандығы бойынша түлегі, ол Токай университетінде (Жапония), Caltech-те (АҚШ) тағылымдамадан өтті, Сингапурдағы ADCS орталығында FPGA-чиптерінде ИИ модельдерін үйретумен айналысты және Carnegie Mellon University-дің жазғы бағдарламасына қатысты. Бакалавриатты аяқтағаннан кейін Гаини Amazon-нан жұмыс ұсынысын алды.
Бүгінде NU түлектерінің 90%-дан астамы Қазақстанда жұмыс істеп, елдің дамуына үлес қосуда. Сонымен қатар, олардың шетелдегі жетістіктері — әлемнің жетекші университеттеріндегі магистратура мен PhD бағдарламаларына түсуі, халықаралық компанияларда қызмет етуі — университеттегі білім беру мен зерттеу сапасының жоғары деңгейін айғақтайды. Біз түлектерімізбен мақтанамыз және оларды лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!







