II эко-конференция: назарда – әйелдер денсаулығы

NU жанындағы Кәсіпкерлікті зерттеу орталығы (NURСE) Бизнес-тренерлер қауымдастығымен бірлесіп әйелдер денсаулығы мәселелеріне арналған II эко-конференция өткізді.

Шара медицина саласындағы сарапшылар — нутрициологтар, эндокринологтар мен кардиологтарды, сондай-ақ тұрақты даму саласында жұмыс істейтін бизнес-қоғамдастық өкілдерін жинады.

«Кәсіпкерлікті зерттеу орталығы мен Бизнес-тренерлер қауымдастығы кәсіпкерлер үшін қолайлы экожүйені дамытуға бағытталған ауқымды ғылыми-практикалық жұмысты жүргізуде. Біз өз ісін дамытуға ұмтылатын әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға ерекше назар аударамыз. Оқу бағдарламаларын ұйымдастырып, тәлімгерлік қолдау көрсетеміз, сұқбат алып, өз зерттеулерімізге негізделген практикалық шешімдерді ұсынамыз. NURCE өңірде кәсіпкерліктің тұрақты дамуына ықпал ететін инновацияларды, жасыл технологиялар мен бастамаларды енгізуді белсенді түрде қолдайды», — деп атап өтті NURCE директоры профессор Шумайла Юсафзай.

Конференция бағдарламасына интерактивті сессиялар, спикерлермен тікелей сөз алмасу және нетворкинг кірді. Қатысушылар әйелдердің тұрақты көшбасшылығын қалыпастырудағы денсаулық пен эмоцияның рөлі, оларды қалай күтіп-басқару керектігін талқылады.

Бизнес-тренерлер қауымдастығының басшысы Әйгерім Тарбағатаева ұйым адамға, қоғамға және қоршаған ортаға құрмет құндылықтарына бағдарланған кәсіпкерлер қауымдастығын құруға бағытталған білім беру бағдарламалары мен жобаларын іске асыратынын атап өтті.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53