Poets & Quants NU-дың MBA бағдарламаларын Орталық Азиядағы үздіктердің бірі деп таныды

Бизнес біліміне арналған танымал америкалық Poets & Quants медиа-ресурсы Nazarbayev University-дің MBA бағдарламаларына шолу жасады.

“Can Nazarbayev University’s Business School Become Central Asia’s Premier MBA Destination?” мақаласында Duke University-дің Fuqua бизнес мектебімен серіктестік ерекше атап өтіледі, бұл бағдарламалардың жоғары сапасын растайды. Сондай-ақ басылым NU Жоғары бизнес мектебінің өңірдегі көшбасшы ретіндегі позициясын сақтауға деген ұмтылысын атап өтті.

«Фукуа мектебі басынан бері оқу бағдарламаларын әзірлеуге ғана емес, сондай-ақ оқытушылар құрамын қалыптастыруға, басқаруға және академиялық стандарттарды сақтау ісіне белсене қатысты. Бұл біздің жергілікті MBA бағдарламамызға жаһандық көзқараспен қарауда маңызды рөл атқарды. Фукуалық серіктестердің ұзақ мерзімді адалдығы біздің бағдарламалардың заманауи зерттеулерге, жоғары этикалық стандарттарға негізделуін және өзектілігін сақтап қалуын қамтамасыз етеді», — дейді NU Жоғары бизнес мектебінің деканы Юп Конингс.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53