ҚР Денсаулық сақтау министрі NU Медицина мектебінің жетістіктерімен танысты

ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова пен бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев бастаған ведомство делегациясы медицина және биологиялық медицина саласындағы зерттеу жұмыстарының соңғы жетістіктерімен танысу үшін ресми сапармен NU Медицина мектебіне келді. NU вице-президенті мен Медицина мектебінің деканы, доктор Массимо Пиньятелли, сондай-ақ «University Medical Center» (UMC) корпоративтік қорының басқарма төрағасы доктор Юрий Пя Биомедициналық зерттеу орталығының, NU Медицина мектебінің жұмысы туралы туралы айтып, академиялық медицина кластерінің жетістіктерімен таныстырды.

ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова пен бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев бастаған ведомство делегациясы медицина және биологиялық медицина саласындағы зерттеу жұмыстарының соңғы жетістіктерімен танысу үшін ресми сапармен NU Медицина мектебіне келді.

NU вице-президенті мен Медицина мектебінің деканы, доктор Массимо Пиньятелли, сондай-ақ «University Medical Center» (UMC) корпоративтік қорының басқарма төрағасы доктор Юрий Пя Биомедициналық зерттеу орталығының, NU Медицина мектебінің жұмысы туралы туралы айтып, академиялық медицина кластерінің жетістіктерімен таныстырды.

NU Медицина мектебі, Университет медициналық орталығы (UMC) және ғылыми зертханалардан тұратын инновациялық денсаулық сақтау жүйесін құрды. UMC клиникалары халықаралық дәрежеде аккредиттелген, клиникалар жанындағы кафедраларда студенттер тәжірибе жинақтап, оқуды бітіргеннен кейін осы жерде резидентурадан өтеді. NU академиялық денсаулық сақтау жүйесі Қазақстанның басқа медициналық университеттері мен университет жанындағы клиникалары үшін үлгі болып отыр, деді кездесуге қатысушылар.

Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақстанда медицина және биомедицина саласында бірлесіп зерттеулер жүргізу үшін отандық медициналық университеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдауға бағытталған жаңа кезеңге аяқ басқаны туралы айтылды. Ынтымақтастық, тәжірибе алмасу мен ғылыми жаңалықтарды енгізу Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін, қарапайым азаматтарға медициналық қызмет көрсету сапасын қалайша жақсартып, елдегі академиялық медициналық қоғамдастықтың одан әрі дамуына серпін бере алатыны талқыланды.

Қосымша ақпаратты bayan.abilova@nu.edu.kz поштасы арқылы алуға болады.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53