2022 жылдың 14 қазанында Назарбаев Университетінде университет басшылығы, оқытушылар, қызметкерлер, студенттер және әртүрлі елдер мен мәдениет өкілдері қатысқан алғашқы Мәдениет күні жоғары деңгейде өтті.
Назарбаев Университетінің Халықаралық студенттер қауымдастығы (NUAIS) бастамашылық еткен іс-шара Мәдениет министрлігі (SG MinCult), Рухани Жаңғыру мәдени орталығы, Халықаралық студенттер мен кәсіпқойларға арналған кеңсе (OISSS) және түрлі 10 клубпен тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырылды.
«Назарбаев Университетіндегі әлемнің алпыс елінен жиналған студенттер, оқытушылар мен қызметкердің басын біріктіріп, олардың бірегей, бай және алуан түрлі мәдениетімен таныстыруға деген ұмтылыс пен шабыттандыратын бастама үшін алғысымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Университетіміз сіздердің арқаларыңызда керемет мекеме. Сіздер НУ-тін оқуға, жұмыс істеуге, өмір сүруге және әрқашан бұдан да биік белестерге ұмтылуға болатын қызықты әрі қайнаған ортаға айналдырып отырсыздар», — деді НУ Студенттік істер және халықаралық істер жөніндегі вице-президенті Қадиша Даирова мереке қатысушыларына ризашылығын білдірген хатында.
Жергілікті және шетелдік студенттер музыка, би қойылымдары арқылы өздерінің рухани-мәдени құндылықтарымен бөлісті. Осылайша аталған шара НУ қауымдастығын жақындастыруға, сондай-ақ мәдени сананы дамыту арқылы өзара түсіністікті жақсартуға бағытталды.
Бұл жаңа дәстүр Назарбаев Университетінде жалғасын тауып, Мәдениет күнін мерекелеу жыл сайынғы іс-шараға айналады.
Жаңалық Мохаммад Хабиб Абдулланың қатысуымен жазылған (NUAIS).







