Кэвин Наунмен қоштасу: Сүйікті ұстаз және құрметті әріптесті еске алу

Кевин Назарбаев Университетіне 2018 жылдың тамыз айында қосылды, Zero Year Graduate Program студенттеріне академиялық коммуникациядан сабақ берді. Оның коммуникация курсының қалыптасуына қосқан үлесі мен бағдарламаның жалпы табысы өшпес із қалдырады.

Кевин әрқашан өзінің мейірімділігімен және жылылығымен ерекшеленетін. Ол тамаша әріптес қана емес, шәкірттерінің жүрегін жаулаған өз ісіне берілген ұстаз болды. Оқыту және саяхаттау оның өмірін қалыптастырған екі маңызды аспект болды. 100-ге жуық елде болған ол достары мен әріптестеріне көптеген ашық хаттар жіберді. Оның мейірімділігі мен ол туралы естеліктер біздің жүрегімізде сақталады. Біз Кевинді сағынатын боламыз.

Осы өлшеусіз қазаға байланысты оның отбасына, туған-туыстарына, достарына және бүкіл университет қауымына шын жүректен көңіл айтамыз.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53