1 – қадам. Жеке кабинет ашу
https://admissions.nu.edu.kz/ порталында «Тіркелу» батырмасын басып, тіркелу терезесінде қажетті ақпаратты ағылшын тілінде енгізіңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Бакалавриат» бағдарламасын таңдау кажет. Тіркелуді аяқтағаннан кейін Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген авторизация сілтемесі арқылы тіркелуді растаңыз. Жеке кабинетіңізде өтінім беру нұсқаулығымен міндетті түрде танысыңыз.
Іріктеу конкурсына келесі санаттарға жататын талапкерлер қатыса алады:
1. Орта білім беру ұйымдарының соңғы сынып оқушылары және техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі ұйымдардың соңғы курс студенттері;
2. Жоғарғы оқу орындарының білім алушылары;
3. Орта, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі бар адамдар.
2 – қадам. Өтінім нысанын толтыру
Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде Foundation and Undergraduate Programs сілтемесін ашыңыз. Foundation and Undergraduate Application Form өтінім беру нысанын онлайн түрде толтырыңыз және оған қоса онлайн нысанға сәйкес дербес деректерді өңдеуге келісіміңізді беріңіз. Өтінім беру нысаның барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін жеке ақпаратты тексеріп, «Upload» батырмасын басыңыз.
3 – қадам. Қажетті құжаттарды тапсыру
Өтінім беру нысанын толтырғаннан кейін Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде мына құжаттарды жүктеу қажет:
1. Оқу орнынан берілетін анықтаманың (фотомен бірге) сканерленген көшірмесі (Жеке кабинетте 3 тілде ұсынылған үлгілердің біреуін таңдаңыз) немесе бар болған жағдайда қосымшасы бар аттестат/дипломның сканерленген көшірмесі.
2. Жеке куәліктің және/немесе паспорттың сканерленген көшірмесі. Egov немесе басқа порталдан/електрондық сервистерден алынған көшірме қарастырылмайды. Маңызды: қабылдау емтиханын тапсыру үшін талапкерде Жеке кабинетке жүктелген паспорттың немесе жеке куәліктің түпнұсқасы міндетті түрде болу керек;
Жеке кабинеттің «Profile» бөліміне құжаттарға арналған 3*4 форматындағы фотоны жүктеңіз.
Қажетті құжаттардың форматы Жеке кабинетте орналасқан.
4 – қадам. Тіркелу жарнасын төлеужәне өтінім беру
Өтінім беру процесін аяқтау үшін Жеке кабинетіңіздегі «My Application Forms» бөліміндегі «PAY AND SUBMIT APPLICATION» түймесін басыңыз. Тіркелу жарнасы Жеке кабинетте қолжетімді төлем опциялары арқылы онлайн режимінде төленеді. Тіркелу жарнасын төлеудің басқа әдістерін қолдану қабылданбайды.
Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші ресми бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде тіркелу жарнасы 3 есеге артады (30 000 тенге). Өтінім берудің нәтижесіне немесе төлем қателеріне қарамастан, тіркелу жарнасы қайтарылмайды.
Банк картасы болмаған жағдайда, талапкер басқа адамның картасын пайдалана алады.
Тіркелу аяқталғаннан кейін өтінім беру нысанына өзгерістер енгізу және жүктелген құжаттарды ауыстыру мүмкін емес.
Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің қызметкерлері Сіздің өтініміңіз бен құжаттарыңызды тексереді және қажет болған жағдайда, Сізге электрондық поштаңызға қандай құжаттарды және қай күнге дейін түзету керектігін хабарлайды. Толық емес және қате толтырылған (түзетілмеген) өтінімдер конкурста қарастырылмайды.
5 - қадам. IELTS/ TOEFL сертификатын ұсыну (тіркеу жарнасы төлеп, өтінім бергеннен кейін ғана)
Талапкерлер IELTS/TOEFL сертификаттарын тапсыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:
1. IELTS/TOEFL жарамды сертификаттың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісі арқылы тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет;
2. Сертификаттың сканерленген көшірмесін жүктеу және оның бірегей нөмірін Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне енгізу қажет. Конкурсқа қатысу үшін сертификаттың кез-келген санын тапсыруға болады, алайда Жеке кабинетке тек соңғы болып жүктелген сертификат қана қарастырылады.
IELTS/TOEFL сертификаттары суперскорингсіз қарастырылады.
Тест әкімшісі немесе Тест орталығы арқылы тест нәтижелерін тапсыру үшін кодтар туралы маңызды ақпаратқа назар аударыңыз:
IELTS үшін код: NU, Admissions Office
TOEFL iBT үшін код: 6762
Талапкердің Жеке кабинетінде IELTS/TOEFL сертификатын тапсыру бойынша толық Нұсқаулықты оқыңыз.
Тілдік тесттер нәтижелерінің ең төменгі талаптарымен «Қабылдау емтихандары мен талаптары» бөлімінде танысуға болады.
Тест орталығында емес, қашықтықтан тапсыруды ұсынатын тест нәтижелері, атап айтқанда, IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT нәтижелері конкурста қарастырылмайды;
Тапсырылатын сертификаттар тиісті оқу жылының басы, яғни 2026 жылдың 1 тамызына дейін жарамды болу керек.
IELTS/TOEFL сертификаттарын ұсынудың соңғы мерзімі «Маңызды күндер» бөлімінде көрсетілген.
IELTS/TOEFL сертификаттарының Назарбаев Университетінің электрондық базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Сіз Тест орталығына өзіңіз хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуіңіз қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.
Келесі қадамдар
Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыз.
Барлық бағдарламалар(A-Z)
Бағдарламаңызды таңдаңыз
NU-де сіз армандарыңызға қол жеткізіп, дағдыларыңызды дамытып, әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы академиялық бағдарламаларымыз арқылы мақсаттарыңызды жүзеге асыра аласыз.

Жалпы қабылдау талаптары
Бұл жалпы қабылдау талаптары, қаржылай көмек пен гранттар негізінде оқуға түсу талаптары мына сілтемеде көрсетілген.
Бакалавриат бағдарламасына түсуге арналған талаптар
| Жалпы талаптар | Ең төменгі өту талаптар | Қосымша |
|---|---|---|
| Ағылшын тілінің деңгейі | IELTS - 6.0 (жазу -6.0, оқылым, тындалым, сөйлеу - 5.5) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы; |
|
| GPA немесе эквивалент** және/немесе UNT in English *** | 5.0 тен 4.0 |
|
NU Foundation бағдарламасына түсуге арналған талаптар
Назарбаев Университетінің университет алдындағы дайындық бағдарламасы – бұл Дайындық мектебінің бір жылдық күндізгі бағдарламасы.
| Жалпы талаптар | Ең төменгі өту талаптар | Қосымша |
|---|---|---|
| Ағылшын тілінің деңгейі | IELTS - 5.5 (жазу және оқылым - 5.5 , тыңдалым және сөйлеу - 5.0) |
|
| GPA немесе эквивалент** және/немесе UNT in English*** | 5.0-тен 3.5 |
|
Қосымша талаптар:
- Ұсыналатын сертификаттар тиісті оқу жылының басы, яғни 2026 жылғы 1 тамызға дейін жарамды болу керек.
- IELTS/TOEFL сертификаттарын ұсынудың соңғы мерзімі “Маңызды күндер” бөлімінде көрсетілген.
- IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT тестілерінің нәтижелері конкурста қарастырылмайды.
- IELTS/TOEFL тесттері Тест Орталығында тікелей қатысу арқылы (қашықтықтан емес) тапсырылуы қажет.
- IELTS/TOEFL сертификаты суперскорингсіз қарастырылады.
2026 қабылдау үшін өзгеруі мүмкін
Маңызды мерзімдер
NUFYP және бакалавриат бағдармаларына онлайн өтінімдерді беру мерзімдері:
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: 27 қыркүйек — 2026 жылғы 24 шілде (14:00, Астана уақыты)
Алдын ала визаны рәсімдеуді талап ететін елдерден келген халықаралық азаматтары үшін: 27 қыркүйек — 2026 жылдың 1 маусымы (14:00, Астана уақыты)
Қазақстанға келу кезінде визаны рәсімдеуге болатын елдерден келген халықаралық азаматтары үшін: 27 қыркүйек — 2026 жылғы 24 шілде (14:00, Астана уақыты)
NUFYP және бакалавриат бағдармаларына IELTS/TOEFL тест нәтижелерді тапсыру соңғы мерзімі:
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:
2026 жылғы 24 шілде
(23:59, Астана уақыты)
Алдын ала визаны рәсімдеуді талап ететін елдерден келген халықаралық азаматтары үшін:
2026 жылдың 1 маусымы
(23:59, Астана уақыты)
Қазақстанға келу кезінде визаны рәсімдеуге болатын елдерден келген халықаралық азаматтары үшін:
2026 жылғы 24 шілде
(23:59, Астана уақыты)
Сабира Байдилдина
Center for Preparatory Studies • Университет алдындағы дайындық және Бакалавриат бағдарламалары



Разида Кенес
School of Mining and Geosciences • Бакалавр. Мұнай және газ ісі, 2023



Оқу ақысы
Дайындық бағдарламасы
Дайындық бағдарламасының оқу ақысы 2026/2027 оқу жылына жергілікті және халықаралық студенттер үшін $12,000 құрайды.
Оқу ақысы туралы толығырақ білу үшін bursars_office@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.
Қабылдауға ұсынылатын үздік халықаралық үміткерлер Абай Құнанбаев атындағы стипендияға қарастырылу мүмкіндігі бар.
Қаржылық көмек және грант талаптары туралы толығырақ білу үшін nu.edu.kz сайтына кіріңіз.
Бакалавриат бағдарламасы
Бакалавриат бағдарламаларының оқу ақысы 2026/2027 оқу жылына жергілікті және халықаралық студенттер үшін $15,000 құрайды.
Мейіргер ісі бакалавриат бағдарламасы үшін оқу ақысы бір оқу жылына 3 066 000 теңгені құрайды.
Оқу ақысы туралы толығырақ білу үшін bursars_office@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.
Қабылдауға ұсынылатын үздік халықаралық үміткерлер Абай Құнанбаев атындағы стипендияға қарастырылу мүмкіндігі бар.
Қаржылық көмек және грант талаптары туралы толығырақ білу үшін nu.edu.kz сайтына кіріңіз.
Бұл Жалпы қабылдау, Қаржылық көмек пен стипендияға қойылатын талаптарды Көру үшін Қаржылай көмек және гранттар бетіне өтіңіз
Басқа мүмкіндіктер
Жыл ортасында ақылы негізде оқуға түсу
Бакалавриат бағдарламасына Жыл ортасында оқуға қабылдау — бұл талапкерлерге көктемгі семестрге ақылы негізде оқуға қабылданудың қосымша қабылдау кезеңі.
Өтінім берген талапкерлер бакалавриат бағдарламаларының Қабылдау қағидалары мен рәсімдерінде көрсетілген стандартты іріктеу үрдісі бойынша ақылы негіздегі бакалавриат бағдарламасының Жыл ортасында оқуға қабылдау конкурсына қатысады. Осы конкурс арқылы қабылданған студенттер оқуын көктемгі семестрден бастайды.
Оқуға түсу конкурсына келесі талапкерлер қатыса алады:
- Жалпы орта мектепті бітірген талапкерлер
- Басқа ЖОО-ның ағымдағы студенттері
“NUET талапкерлері” санаты бойынша өтінім берілетін ағымдағы күнтізбелік жылда алынған NUET нәтижелері ғана қарастырылады. Ең төменгі қабылдау талаптары — жалпы балл 130 және әр пән бойынша өту баллы 60,60 (Математика, Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары).
Өтінім беру үшін admissions.nu.edu.kz сайтында Жеке кабинет ашу қажет.
Маңызды: бакалавриат бағдарламасына көктемгі семестрде ақылы негізде оқуға тапсырған және оқуға қабылдауға ұсынылған талапкерлер “Назарбаев Университеті” білім беру гранты және де басқа білім беру гранттарды тағайындау бойынша іріктеуге қатыспайды.
Онлайн тіркелу мерзімдері:
- 29 қыркүйек — 28 қараша, 2025 ж. (Астана уақыты бойынша 14:00 дейін)
НУ-ға тест нәтижелерін ұсынудың соңғы мерзімі:
- SAT/ACT және IELTS/TOEFL — 28 қараша, 2025 ж. (Астана уақыты бойынша 23:59 дейін)
Тест нәтижелері міндетті түрде Назарбаев Университеті кодын (Institutional Code) пайдалана отырып, тест әкімшісі арқылы Университеттің атына жіберіледі:
- NU, Admissions Office — IELTS үшін
- 6762 – TOEFL үшін
- 7915 – SAT үшін
- 5521 – ACT үшін
Дәреже бермей оқыту
Дәреже бермей оқыту (ДБО) – білім алушыға дәреже алу ниетінсіз білім алуға мүмкіндік беретін білім беру опциясы.
Білім алушылар Университет белгілеген шарттарға сәйкес Университет студенттері үшін қолжетімді барлық жеңілдіктерге құқылы. Оқу жоспары таңдалған мамандыққа байланысты Бакалавриат бағдарламаларына толық сәйкес келеді. Дегенмен, оқыту тек ақылы негізде ұсынылады. Құны таңдаған курстардың кредиттер санына (ECTS) байланысты өзгереді.
Осы опция бойынша білім алушылар Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес белгілі бір критерийлерге сай дәрежені алуға ниет білдірген білім алушылар санатына ауыса алады.
Талапкерлер ДБО конкурсына қатысу үшін Оқуға қабылдау қағидалары мен рәсімдеріне сәйкес өтінімдерді қабылдау кезеңінде бакалавриат бағдарламасына өтінім берулері қажет. Бұл ретте олардың нәтижелері бакалавриат бағдарламасына түсуге сәйкес келмегенімен, астында көрсетілген нәтижелерден төмен болмауы керек:
- IELTS нәтижелері жалпы 6.5 балл немесе баламалы TOEFL нәтижесі — жалпы балл 79 (секциялар бойынша ең төменгі талаптар жоқ);
Сондай-ақ санаттар бойынша:
- SAT/ACT талапкерлері: Digital SAT — 1150, ACT — 23;
- A-level/NIS Grade 12 Certificate иегерлері: кез келген пән бойынша BBB;
- International Baccalaureate (IB) Diploma иегерлері: жалпы балл — 27 және жоғары деңгейдегі үш пән бойынша 4, 4, 4;
- ҰБТ сертификаты — Математикалық сауаттылық: 9 — Оқу сауаттылығы: 9;
- NUET — 110 (40,40).
Хабарландырулар
Жиі қойылатын сұрақтар
NUFYP нені білдіреді?
NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) – Назарбаев Университет Дайындық мектебінің интенсивті 1 жылдық бағдарламасы. . Бағдарлама Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламасына дайындау үшін тұлғалық дамуға, оқу дағдыларын дамытуға, математика мен академиялық ағылшын тілін меңгеруге бағытталған. Осы бағдарлама бойынша білім алу мемлекеттік гранты аясында немесе басқа да гранттар есебінен және ақылы негізде болуы мүмкін. Бітірушілер Университет алдындағы дайындық бағдарламасын аяқтау нәтижесінде Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларына қабылданады.
NUFYP бағдарламасына 10 сынып оқушысы оқуға түсе ала ма?
Жоқ, оқуға түсе алмайды. NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына тек орта білім беру/орта білімнен кейінгі ұйымдардың соңғы сынып/курс білім алушылары мен түлектері ғана қатыса алады. Басқаша айтқанда, NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына қатысу үшін бітіруші (соңғы) сынып/курс оқушысы немесе мектеп немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының түлегі болуы керек. Растама ретінде талапкерлер мектептен анықтама немесе мектеп аттестатын ұсынады.
Назарбаев Университетінің NUFYP бағдарламасында және орта мектепте қатар оқуға бола ма?
Бұл мүмкін емес. NUFYP бағдарламасының тыңдаушысы НУ-ға оқуға қабылдану кезінде және білім алу барысында орта білім беру ұйымының/орта білімнен кейінгі ұйымның түлегі болуы керек. NUFYP бағдарламасы күндізгі оқу нысаны бойынша оқытылады.
Назарбаев Университетінде оқу қай тілде жүргізіледі?
Назарбаев Университетінде оқу ағылшын тілінде жүргізіледі.
NUFYP бағдарламасына оқуға түсу міндетті ме?
Мектепті/колледжді бітіргеннен кейін NUFYP бағдарламасына түсу міндетті емес. Талапкерлер бакалавриат бағдарламаларына тікелей оқуға түсе алады.





