«Орта Азияның тарихын сол өңірде, тіпті ағылшын тілінде зерделеу – бұл бірегей мүмкіндік»
Мен халықаралық қатынастарды бакалавриатта АҚШ-та оқыдым, бірақ кейін мен жүрегімнің қалауымен, оқуымның соңғы жылында тарихқа бет бұруды жөн көрдім. Мен Nazarbayev University туралы Орталық Азияға бағытталған тарих мамандығы бойынша магистратураны іздеп жүрген сәтте білдім. Орта Азияның тарихын сол өңірде, тіпті ағылшын тілінде зерделеу – бұл бірегей мүмкіндік! Сонымен қатар, Қазақстанға сапармен баруды үнемі армандайтынмын. Университеттің сайтында мен оқытушылардың ғылыми қызығушылығы мен Еуразиялық зерттеулер бағдарламасы студенттерінің жобаларын зерделедім. Мұның бәрі мені өте қызықтырды.
Nazarbayev University-дегі алғашқы жылым өте қарқынды болды, алайда менің оқуға салған бар күш-жігерім сонымен ақталды деген ойдамын. Мен бірінші семестрде зерттеудің жақсы негізін, екінші семестрден бастап түрлі салалардағы курстарды, сондай-ақ диссертацияны дайындауға ұзақ уақытты қамтитын оқу жоспарын өте ұнаттым.
Оқытушылар өте білімді және студенттерге көмектесуге әрдайым дайын болды. Өзімнің жетекшілерім маған диссертацияны зерттеуге және дайындауға көп көмек көрсетті.
Nazarbayev University өркендеп келе жатқан дербес жоғары оқу орны болып табылады. Мұнда оқитын студенттер өте ақылды, еңбекқор, жылы шырайлы және белсенді. Мен өзім оқып жатқан бағдарламадағы ғана емес, сондай-ақ басқа да мамандықтар бойынша білім алып жатқан құрдастарыммен де достастым. Бастапқыда магистранттар Университеттің студенттік өміріне белсенді араласпайтын шығар деген ойда болдым, бірақ соңында мен студенттер қауымдастықтарына қосылдым да, бакалавриаттан көптеген достарымды таптым.
