Магистратураны бітіргеннен кейін мен экология ғылымдар саласына ауысуды шештім және PhD бағдарламасына түсу мүмкіндіктерін іздей бастадым. Nazarbayev University-де мен құрылыс және экологиялық кафедрасында академиялық тәжірибеме толық сәйкес келетін жобаны таптым. Басқа саладан (биология ғылымдары және денсаулық сақтау) келгендіктен, маған құрылыс инженерия курстары бастапқыда қиын болды, дегенмен уақыт өте олар менің зерттеулеріме өз үлесін қосты.
Nazarbayev University маған ғылыми жобаларға қатысуға және жергілікті және шетелдік университеттермен ынтымақтастық орнатуға мол мүмкіндіктер берді. PhD бағдарламасы аясында мен эксперименттік, әлеуметтік зерттеулер, модельдеу және болжау жобаларымен жұмыс жасадым. Мен ҚазҰУ, Питтсбург университеті, Норвегияның Арктикалық университеті (UiT) оқытушыларымен бірлесіп жұмыс істеуге және Еуропалық Circular B COST Action-CA21103 бастамасына қатысуға мүмкіндік алдым.
PhD бағдарламасы маған көптеген дағдыларды дамытуға мүмкіндік берді. Биологиядан бастап сұйықтық механикасына дейінгі курстарында оқытушы көмекшісі ретінде жұмыс істей отырып, мен пәнаралық білім мен зерттеулерде, мәселелерді шешуде және процестерді басқаруда құнды тәжірибе алдым, яғни бұл зертханалық тапсырмалардан бастап оқу процесін ұйымдастыруды қамтыды. Бұл тәжірибе менің академиядағы болашақ мансабыма берік негіз болды. NU-дың әсерлі зерттеу мүмкіндіктеріне қарамастан, мен үшін ең бастысы адамдар болды. Осында алған қолдау мен ынталандыру менің академиялық дамуымда басты рөл атқарды.
