
NU және ҚБТУ студенттерінен құралған топ Google хакатонында ондыққа енді
ReVita мобильді қосымшасын жасаған Қазақстан командасы жаһандық Google Solution Challenge хакатонында үздік ондыққа енді. Бұл туралы Forbes.
Popular:
Recent Searches:

ReVita мобильді қосымшасын жасаған Қазақстан командасы жаһандық Google Solution Challenge хакатонында үздік ондыққа енді. Бұл туралы Forbes.

Танымал YouTube Baitassov Live жобасының қонағы болып Назарбаев Университетінің негізін қалаушы Президенті Шигео Катсу шақырылды. NU Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары зерттеу университетінің 13 жылдағы даму нәтижелері туралы, күзде Times Higher Education рейтингіне ену туралы, білім берудегі ең маңызды тенденциялар және AI дамуы туралы ойларымен бөлісті.

Tumar венчурлық қорын басқаратын White Hill Capital екі стартапқа 1 миллион доллар инвестициялағанын жариялады. Жеңімпаздар: қазақстандық CodiPlay және тәжік Zypl.

Назарбаев Университеті – халықаралық ағылшын тілді, зерттеу университеті, еліміздегі жоғары білім беру флагмандарының бірі. Бұл Қазақстандағы меритократия, академиялық еркіндік және адалдық қағидаттарына негізделген бірінші университет.

Назарбаев Университетінің технопаркінде коронарлық стенттер мен баллондар шығаратын IHT Central Asia зауытының ашылуы Қазақстандағы және бүкіл Орталық Азиядағы медицина саласы мен медициналық технологиялық прогрестің дамуындағы маңызды қадам болып табылады. Еліміздегі жалғыз зауыт жоғары технологиялы медициналық өнімдерді өндіруді кеңейтуге өз үлесін қосуда.

Шарада 24 стартап-команда EdTech, MedTech, FinTech, E-Commerce, IoT және т. б.

Елордада Назарбаев Университетінің технопаркі базасында коронарлық стенттер мен баллондар шығаратын Орталық Азиядағы алғашқы зауыттың ашылуы өтті. Отандық өндіріс жергілікті кардиологиялық орталықтарға медициналық құрылғыларды импорттық құрылғыларға қарағанда 30%-ға арзан сатып алуға мүмкіндік береді.

Жаңа жасыл дақылдарды өсіруге арналған гидропоникалық құрылғы, Tile Glass – шыны қалдықтарын пайдалы өнімге айналдыру – осы және басқа да экожобаларды Назарбаев Университеті және Қазақстанның тағы 12 университеттерінің студенттері Chevron компаниясы қаржыландыратын Sustainability Living Lab бағдарламасы аясында көрсетті. Толығырақ Baigenews.

Бұл туралы Назарбаев Университетінде өткен «ESD – Қазақстандағы зорлық-зомбылыққа қарсы вакцина» форумында айтылды. Шара — АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық миссиясының қолдауымен іске асырылған ESD Global және NU Gender Scholars Consortium ұйымының бастамасы.

2023 жылдың 10 наурызында Орталық Азиядағы соғыс пен бейбітшілікті баяндау институтының (IWPR CA) аймақтық кеңсесі АҚШ пен ЕО-ның Орталық Азияға қатысты өзгеретін геосаяси көзқарастарын зерттеуге арналған халықаралық сарапшылық пікірталас өткізді. Сарапшылар арасында NU Aссистент профессоры Жәнібек Арынов ЕО-ның Орталық Азиямен өзара әрекеттестігіне шолу жасады, деп жазады Cabar.
© Nazarbayev University
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53