
Алматыда балаларды қыс мезгілінде киіндіретін қайырымды жандар іздестірілуде
CDF (НУ) қоғамдық қорының еріктілері кедей отбасылардан шыққан балаларды киіндіру үшін Warm Winter — «жылы қыс» науқанын жетінші рет бастады. Жастар Қазақстанның бес ірі қаласында 170 баланың тізімін жасап, аз уақыт ішінде оларға қысқа қарай күртеше мен аяқ киім сатып алған қайырымды жандарды біріктіре алды.







