
ISSAI NU ғылыми қызметкері Microsoft Research PhD стипендиясын жеңіп алды
ISSAI NU зерттеушісі Жанат Махатаева беделді Microsoft Research PhD Fellowship жүлдесін жеңіп алды. Ол – Қазақстаннан осы стипендияның алғашқы иегері.
Popular:
Recent Searches:

ISSAI NU зерттеушісі Жанат Махатаева беделді Microsoft Research PhD Fellowship жүлдесін жеңіп алды. Ол – Қазақстаннан осы стипендияның алғашқы иегері.

НУ ғалымдары мен профессорлары Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Армения, Грузия, сонымен қатар Аргентина, АҚШ пен Гонконг елдерінің 30 жетекші ғалымдарымен, ғылыми ұйымдар мен мемлекеттік органдардың басшыларымен бірге COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының өзекті мәселелерін талқылады. Бұл конференцияны халықаралық ғылыми -техникалық орталықтың қолдауымен «Ғылым қоры» АҚ, Назарбаев Университеті және Алматы менеджмент университеті ұйымдастырды.

Біздің елдегі волонтерлер қозғалысы біртіндеп кеңеюде, өйткені жаһандық әлеуметтік мәселелерді туған жерінен тыс жерлерде шешуге дайын белсенділер пайда бола бастады. НУ түлегі Дилшат Жүсіпова Елорда Инфо тілшісімен өзінің Тайландтағы БҰҰ Балалар қорында жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Назарбаев Университетінің профессоры Симеон Нановски Қазақстан мен Қырғызстанда 2020-2021 жылдары енгізілген карантиндік шектеулерді зерттеді және олардың тиімділігі туралы күтпеген қорытындыға келді. Толығырақ Tengrinews материалын оқыңыз.

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің оқытушылары қоғамның ең маңызды қажеттіліктерін анықтайды. Бизнес зерттеулердің маңыздылығын атап өтпеуге болмайды.

Кездесу барысында Назарбаев Университетінің қызметкерлеріне Орталықтың жобалары мен бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру мүмкіндіктері көрсетілді. Еске сала кетейік, осыған дейін Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы мен Назарбаев Университеті арасында заманауи жол-құрылыс материалдары мен , конструкцияларын әзірлеу және өндіру, сапасын бақылаудың жаңа әдістерін іздеу бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Бүгінде білім мен ғылымның жаңа инновациялық мүмкіндіктері жүзеге асырылып жатқан оазис-орда – Назарбаев университетінің профессоры Дөрбетхан капитализмнің дөрекі көріністерінен, утилитаризмнен құтылу үшін шығармашылық пен ғылымды белсенді түрде насихаттауымыз керек деп санайды. Өз жұмысының басымдығын – шәкірттер даярлау деп айқындаған ғалым-ұстаз уақытының көбін жастар арасында өткізеді.

Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің күшейіп келе жатқанының жарқын мысалы ретінде Назарбаев Университетінің волонтерлері мен студенттері құрған «Күнде» әлеуметтік кафесін айтуға болады. Жобаның мақсаты – психикалық денсаулығында проблемалары бар және психикалық ауытқулары бар адамдарды оқшаулаудан шығуға жол ашу.

CDF волонтерлері көмек көрсету мақсатында «Жылы қыс» акциясын ұйымдастырдыCDF қоғамдық қорының негізін қалаушы, Назарбаев Университетінің түлегі Дина Шайхислам сегізінші жыл қатарынан «Жылы қыс» акциясын ұйымдастырып келеді. Қордың волонтерлері Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындарынан күнкөрісі төмен отбасы балаларын қысқы киімдермен қамтамасыз етуге көмектесуді сұрады.

Болат Сұлтанқұлов, Назарбаев Университетінің PhD докторы, жасуша биологы, Ноттингем университетінің түлегі, 10 жыл бойы технологиялық биостартаптар құрумен айналысады және Founder Institute бизнес-инкубаторының негізін қалаушы болып табылады. 2020 жылдың наурыз айынан бастап, ол коронавирусты 15 минут ішінде жылдам әрі арзан диагностикалау үшін тест жасаумен айналысты.
© Nazarbayev University
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53