
Талап бар жерден таланттар шығады
Математика саласындағы ел тарихында Мемлекеттік сыйлық алған ең жас ғалым — Дурвудхан Сұраған. Сонымен қатар әлем бойынша еңбектеріне келтірілген сілтемелер саны ең көп қазақ ғалымдарының бірі.
Popular:
Recent Searches:

Математика саласындағы ел тарихында Мемлекеттік сыйлық алған ең жас ғалым — Дурвудхан Сұраған. Сонымен қатар әлем бойынша еңбектеріне келтірілген сілтемелер саны ең көп қазақ ғалымдарының бірі.

Жаңа Қазақстан жағдайында отандық ғылым қандай бағытты ұстануы керек? Ғалымдар нені ескеруі тиіс? “Егемен Қазақстан” тілшісі бұл сұрақтарды қазір отандық ғылымға олжа салып жүрген білікті мамандарға, атап айтқанда, «Астана» ұлттық зертханасының басшысы Дос Сарбасов, Назарбаев Университетінің профессоры Алима Бисенова, Материалдарды перспективалық зерттеу және лазерлік технологиялар зертханасының директоры Жандос Өтеғұлов, Назарбаев Университеті президентінің кеңесшісі Қанат Байғарин жауап берді. “Ғылым елде туындаған сын-қатерлерді сапалы түрде жеңуге көмектесуі тиіс.

Биылғы жылы Юсуп Тумгоев НУ Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебін бітіріп, «Data Science» магистрі дәрежесін алды, ал Аманжол Шүнгеев НУ Mедицина мектебінің спорттық медицина және оңалту мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. Олар өткен жылы психотерапевт Жібек Жолдасовамен бірлесе отырып, деменцияның (Альцгеймер ауруы) алғашқы белгілерін анықтауға көмектесетін myMind атты онлайн-тест әзірлеген.

Лазерлік материалтану саласының сарапшысы, Назарбаев Университетінің физика Профессоры Жандос Өтеғұлов құрылған екі министрлік арасындағы үйлестіру мәселесін өте маңызды деп санайды. «Мектеп түлектерінің дайындық сапасы жоғары оқу орындарына түсетін студенттердің сапасын анықтайды.

Палата Спикері бүгінгі конституциялық өзгерістер аясында мемлекеттік аппараттың жұмысын да қайта жандандырудың маңызды екенін айтты. Сондай-ақ ол бүгінгі мемлекеттік қызметшінің бойында болуға тиіс қасиеттерге тоқталды.

Осыдан 10 жыл бұрын даланың нақ ортасында әлемдік деңгейдегі университет құру идеясы мүмкін емес болып көрінген, бірақ қазір ол шындыққа айналып отыр. Құрылған сәтінен бастап Назарбаев Университеті (НУ) еліміздің көптеген университеттеріне академиялық еркіндікке, қажырлы еңбек пен жетістікке, сондай-ақ академиялық адалдыққа негізделген өз табыстылығының моделін көрсете отырып, білім беру саласындағы реформаларды басқарды.

Мұнай өндіруден әлем елдерінің үштігіне кіретін Қазақстандағы ахуал қандай? Мұнай-газ өндірудің қандай жаңа тәсілдері бар? Осы сынды сауалдарға 23 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі маман, NU SMG магистратурасының 2022 жылғы түлегі Талғат Кизаев жауап берді. Толығырақ Ел Арнаның «Инфо Share» бағдарламасынан қараңыз.

Бұл шығарылым саясаттану саласына арналады. Саясаттанушы Мәди Ханафия мамандықтың елді басқарудағы, қарапайым халықпен жұмыс жасаудағы маңыздылығына тоқталып, Ел Арна телеарнасы көрермендеріне қалай машықтануға болатынын түсіндірді.

Жоғары оқу орындарының ең салмақты рейтингтерінің бірі — Center for World University Rankings (CWUR) құрайтын әлем университеттерінің академиялық рейтингі. Басқа рейтингтерден айырмашылығы, CWUR сауалнамаларға және университеттердің өздері берген мәліметтерге негізделмейді.

“Біз АҚШ, Австралия, Франция, Жапонияда, тағы басқа мемлекеттерде жүрген қазақстандық ғалымдарды біздің университете жұмыс істеуге шақырдық, — деді НУ Провосты Адесида Илесанми. “Олардың бай тәжірибесі оқу орынына жалпы қазақстандық ғылымның да әлеуетін көтереді.
© Nazarbayev University
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53