Қазақстанның ауылдық мектептеріндегі басшылар, мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары білім беру сапасы деп нені түсінеді? Ауылдық мектептерде қажетті білім сапасына қол жеткізу үшін қандай мүмкіндіктер, ресурстар мен қолдаулар қолжетімді? Ауыл мектептері қалаған білім сапасына қол жеткізуде қандай қиындықтарға тап болады? Ауылдық мектептерде қажетті білім сапасына қол жеткізуге кедергі келтіретін проблемаларды шешу үшін қандай идеялар бар?Осы мәселелерді зерттеу үшін Қазақстан өңірлерінің іріктелген ауылдық мектептерінде аралас әдістерді қолдану арқылы зерттеу жүргізілді. Сонымен қатар, зерттеуде «ЮНИСЕФ-тің білім сапасы: оқушылардың білімі, оқу жоспары, оқу мазмұны, оқу процестері, оқу ортасы және оқу нәтижелері» (UNICEF, 2000) құжатының модификацияланған нұсқасы қолданылады.