
Студенттік үкімет Назарбаев Университетіндегі студенттер қауымының дауысы болып табылады және кампус өмірін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Ол студенттердің мүдделерін қорғайды, Университет басшылығымен тығыз жұмыс істейді және академиялық әрі әлеуметтік ортаны жақсартуға бағытталған бастамаларды ұйымдастырады. Барлық студенттерді сайлауға қатысуға, комитеттерге қосылуға және белсенді әрі инклюзивті қауымдастық құруға үлес қосуға шақырамыз.
Студенттік үкіметтің негізгі ұстанымдары заңдылық, айқындық, қол жетімділік, өзін-өзі басқару және өздігінен даму болып табылады. Студенттердің өзін-өзі басқаруы академиялық және сабақтан тыс мәселелерді шешуге бағытталған тәуелсіз және белсенді қызмет болып табылады.
Студенттік үкіметтің негізгі мақсаттары :
- Жастардың жеке және ұжымдық (ұйымдық) тұрғыдағы әлеуметтік мәнді бастамаларын іске асыру;
- Тәрбие жұмысының мақсатты бағдарламаларын іске асыру мен енгізуге көмек көрсету;
- Түрлі іс-шараларды ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасы мен шетелдегі ұйымдармен сыртқы байланысты дамыту;
- Студенттердің кәсіби дамуы үшін іс-шараларды ұйымдастыру;
- Салауатты өмір сүруді қолдау мақсатында демалыс пен күнделікті тұрмысқа байланысты мәселелерді шешуге университеттің әкімшілігі мен бизнес-бөлімшелерге көмек көрсету.
- Студенттердің басқарушылық және көш басшылық дағдыларын, ынтымақтастық пен бірлік, белсенді азаматтық ұстанымы мен жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру, сондай-ақ студенттік ұйымдар, студенттік үкіметтің сайлаулары арқылы университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысу арқылы қалыптасатын өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі дамыту қабілетін дамыту.
