Назарбаев Университеті студенттердің академиялық және жеке дамуын қолдай, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етеді, құқықтарын қорғайды және әркімнің толық әлеуетін жүзеге асыруына тең мүмкіндіктер ұсынады.
Студенттік Қор Бюджет Комитеті
Студенттік Қор Бюджет Комитеті кампус өмірін жақсартуға бағытталған студенттік бастамаларды қолдайды.
Біз Университет құндылықтарына сай келетін, ресми тіркелген студенттік ұйымдар мен жобаларға қаржылай қолдау көрсетеміз.
Барлық тіркелген студенттік ұйымдар белгіленген қаржыландыру кезеңдерінде жоба ұсыныстарын тапсыру арқылы қаржы алуға өтініш бере алады.
Толық нұсқаулықтар мен өтініш беру мерзімдері туралы ақпарат алу үшін Студенттермен жұмыс жүргізу департаментіне жүгініңіз немесе Studentevents@nu.edu.kz электронды поштасы арқылы хабарласыңыз.
Студенттерге арналған шұғыл көмек қоры
Студенттерге арналған шұғыл көмек қоры 2021 жылы Назарбаев Университетінің студенттеріне күрделі өмірлік жағдайларда қаржылай көмек көрсету мақсатында Студенттермен жұмыс жүрггізу департаменті тарапынан бастамашылық етілді.
Бастапқыда COVID-19 пандемиясы кезеңінде уақытша шара ретінде іске қосылған қор, жылдам маңызды көмек құралы ретінде танылды. Бүгінде ол студенттердің академиялық тұрақтылығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында студенттерге қолдау көрсету жүйесінің маңызды бөлігіне айналды.
Қор кімдерге көмек көрсете алады?
Қор, өздерінің оқу үлгеріміне, денсаулығына немесе жалпы жағдайына әсер етуі мүмкін уақытша (шұғыл) қаржылық қиындықтармен бетпе-бет келген студенттерге арналған. Бұл тағам, медициналық қызметтер, тұрғын үй, оқу материалдары және басқа да маңызды қажеттіліктерге шығындарды қамтуы мүмкін.
Бұл неге маңызды?
Біз қолдаудың тіпті аз бөлігі маңызды рөл атқара алатынын түсінеміз. Студенттерге арналған шұғыл көмек қоры студенттерге оқуына назар аударуға және қиын кезеңдерден кейін өз-өзіне және болашағына деген сенімді жоғалтпауға көмектеседі.
Студенттік құқықтар комитеті
Студенттік құқықтар комитеті Назарбаев Университетіндегі студенттердің құқықтарын, міндеттерін және әл-ауқатын қорғап, жақсартады.
Ол студенттердің дауысы академиялық саясатта, кампус өмірінде және шағым беру процедураларында ескерілетінін қамтамасыз етеді.
Комитет Студенттік үкіметтің бөлігі болып табылады және барлық студенттер үшін құрметті, әділ және қолдаушы орта құру мақсатында университет басшылығымен ынтымақтасады.
Байланыс үшін: student.rights@nu.edu.kz
