Бағдарламаңызды таңдаңыз
NU-де сіз армандарыңызға қол жеткізіп, дағдыларыңызды дамытып, әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы академиялық бағдарламаларымыз арқылы мақсаттарыңызды жүзеге асыра аласыз.
Өтінім беру
Доктор делового администрирования
Жоғары бизнес мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Аралас
Оқу мерзімі: 3 years
Сипаттамасы: NUGSB DBA бағдарламасы мансаптық капиталын арттыруға және кәсіби жетістіктерге ұмтылатын тәжірибелі мамандарға арналған. Бағдарлама кәсіби практикалық тәжірибені заманауи қолданбалы зерттеу дағдыларымен ұштастыра отырып, тыңдаушыларды индустриядағы күрделі мәселелерді шешуге дайындайды.
Өмір туралы ғылымдар саласындағы ғылым магистрі
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 years
Сипаттамасы: Бағдарлама биологиялық ғылымдар, биохимия және жасушалық-молекулалық биология бағыттары бойынша білім алған түлектерге арналған. Екі жылдық «Өмір туралы ғылымдар» магистрлік бағдарламасы жоғары халықаралық стандарттарға және Назарбаев Университетінің бірегей зерттеу инфрақұрылымына негізделген.

ADMISSIONS
How to apply
Жер туралы ғылымдар саласындағы докторантура бағдарламасы
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Жер туралы ғылымдар саласындағы докторантура бағдарламасы геоғылым саласында өнеркәсіпте және/немесе академиялық ортада зерттеу мансабын жоспарлаған тұлғаларға эксперттік деңгейдегі озық дағдылар мен тереңдетілген білім беруге бағытталған. Бағдарлама мұнай-газ және минералдық ресурстарды барлау және игеру, экологиялық геоғылымдар және энергетикалық өтпелі кезеңнің геоғылымдары бағыттары бойынша зерттеу мамандарын даярлауға шоғырланған.
Еуразиялық бизнес саласындағыіскерлік әкімшілендіру бакалавриаты
Жоғары бизнес мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 years
Сипаттамасы: Азиядағы тұңғыш бірлескен Еуразиялық бизнес саласында бакалавриат бағдарламасы Назарбаев Университеті (NU) мен Гонконг Ғылым және Технология Университеті (HKUST) бірігіп дайындалған. Бұл ерекше бағдарлама екі жетекші университеттің академиялық стандарттарын біріктіріп, студенттерді Еуразияның динамикалық бизнес ортасында табысты мансапқа дайындалуға бағыттайды
Жаһандық қатынастар және еуразиялық зерттеулер саласындағы өнер магистрі(Лондон университетінің SOAS-пен бірлескен бағдарлама)
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 1 жыл
Сипаттамасы: NU SSH – SOAS жаһандық қатынастар және еуразиялық зерттеулер бойынша бірлескен магистрлік бағдарламасы – сіздің осы маңызды аймаққа апарар жолыңыз. Астанадағы Назарбаев Университеті мен Лондондағы Лондон Университетінің SOAS бөлімшесі арасындағы озық ынтымақтастық. Бұл курста сіз дипломатия мен қауіпсіздіктен қоршаған ортаға, энергетика мен мәдениетке дейінгі жаһандық және аймақтық күштердің өзара әрекеттесуін үйренесіз. Сіз сыни тұрғыдан ойлауды, болжамдарға күмәндануды және жалған ақпаратты ажырата білуді үйренесіз.
Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура
Медицина мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистрлік бағдарлама – түлектерді осы салада теориялық және практикалық біліммен қамтамасыз ететін екі жылдық дәреже. Бағдарламаның зерттеулерге бағдарлануы түлектерге денсаулық сақтау тәжірибесінде білімін жетілдіруге, сондай-ақ инновацияларға ықпал ете отырып, аналитикалық дағдыларды дамытуға көмектеседі.
Фармакология және токсикология саласындағы магистратура
Медицина мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Фармакология және токсикология саласындағы магистрлік бағдарлама халықаралық стандарттарға негізделген және дәрігерлерге, медбикелерге және басқа да практиктерге, сондай-ақ биологияға қатысты салалардың түлектеріне арналған. Басқа бағыттардың түлектерін қарау жеке негізде жүзеге асырылатын болады.
Молекулалық медицина саласындағы магистратура
Медицина мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Назарбаев Университетінің Медицина мектебіндегі Молекулалық медицина саласындағы магистратурасы (МММ) - студенттерге молекулалық медицина саласындағы озық білім мен дағдыларды, сондай-ақ биомедициналық зерттеулер саласындағы мансаптың мықты негізін беретін екі жылдық күндізгі оқу бағдарламасы.
Неврология резидентура бағдарламасы
Медицина мектебіДәреже: Резидентура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: НУММ неврология резидентурасы бағдарламасы - бұл аурухана жағдайында және кез-келген денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істей алатын невропатологтарды даярлауға бағытталған 4 жылдық бағдарлама. Бағдарлама резиденттерге процедураларды практикалық меңгерумен және дәлелді медицина мен клиникалық зерттеулерге ерекше назар аудара отырып, неврология бойынша іргелі дайындықты ұсынады.
Гематология саласындағы резидентура бағдарламасы
Медицина мектебіДәреже: Резидентура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 5 жыл
Сипаттамасы: НУММ гематология саласындағы резидентура бағдарламасы - бұл кейіннен гематология мамандануымен жалпы практика саласындағы жоғары білікті мамандар ретінде дәрігерлерді жұмысқа даярлауға бағытталған дипломнан кейінгі бес жылдық бағдарлама.
Эндокринология саласындағы резидентура бағдарламасы
Медицина мектебіДәреже: Резидентура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 5 жыл
Сипаттамасы: НУММ эндокринология саласындағы резидентура бағдарламасы эндокринология саласындағы тереңдетілген мамандануы бар жалпы практика дәрігерлерін даярлауға бағытталған.Бағдарлама резиденттерді кең таралған және күрделі эндокриндік ауруларды жүргізуге дайындайды, сондай-ақ академиялық және ғылыми қызметке қатысу үшін қажетті білім мен дағдыны қамтамасыз етеді.
Медициналық онкология саласындағы резидентура бағдарламасы
Медицина мектебіДәреже: Резидентура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 5 жыл
Сипаттамасы: НУММ медициналық онкология саласындағы резидентура - бұл дәрігерлерді медициналық онкология саласындағы мансапқа даярлауға бағытталған бес жылдық бағдарлама.
Балалар хирургиясындағы резидентура бағдарламасы
Медицина мектебіДәреже: Резидентура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 5 жыл
Сипаттамасы: Балалар хирургиясындағы резидентура бағдарламасы - бұл амбулаториялық және стационарлық жағдайда балаларға хирургиялық көмектің барлық аспектісін кезең-кезеңімен зерделеуді және меңгеруді қамтитын 5 жылдық бағдарлама.
Психиатрия бойынша резидентура бағдарламасы
Медицина мектебіДәреже: Резидентура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Сипаттамасы: NU SOM (НУММ) Психиатрия саласындағы резидентура бағдарламасы - бұл дәрігерлерге ауруханада немесе амбулаториялық жағдайда жұмыс істей алатын психиатр болу үшін жалпы психиатрия саласындағы іргелі дайындықты қамтамасыз етуге арналған 3 жылдық бағдарлама.
Офтальмология бойынша резидентура бағдарламасы
Медицина мектебіДәреже: Резидентура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Офтальмология бойынша резидентура бағдарламасы төрт жылдық бағдарлама болып табылады. Оның мақсаты толық білімді, тәуелсіз, кәсіпкерлік дағдысы бар, этикалық жағынан жауапты, шығармашылық, ғылыми инновацияларға мүдделі және демократиялық құндылықтарды қолдайтын қабілетті маманды даярлау болып табылады.
Отбасы медицинасы бойынша резидентура бағдарламасы
Медицина мектебіДәреже: Резидентура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Сипаттамасы: Отбасы медицинасы бойынша резидентура бағдарламасы – ДКМАК (Дипломнан кейінгі медициналық білім беру жөніндегі аккредиттеу кеңесі) негізгі кәсіби біліктілікке сай отбасы дәрігерлерін дайындайтын үш жылдық күндізгі бағдарлама.
Педиатрия бойынша резидентура бағдарламасы
Медицина мектебіДәреже: Резидентура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Сипаттамасы: Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің (NU SOM) Педиатрия бойынша резидентура – аурухана жағдайында жұмыс істеуге қабілетті педиатр немесе педиатриядағы жалпы тәжірибелік дәрігер болғысы келетін дәрігерлерді даярлайтын үш жылдық бағдарлама.
Акушерлік және гинекология резидентурасының бағдарламасы
Медицина мектебіДәреже: Резидентура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Акушерлік және гинекология бойынша резидентура бағдарламасы (АК/ГИБ) – бұл медициналық қызмет көрсетудің өсе түсіп отырған тәжірибесін, хирургиялық тәжірибені және жауапкершілікті қамтамасыз етуге арналған акушерлік пен гинекологияның барлық аспектілерін қамтитын дипломнан кейін білім беретін төрт жылдық бағдарлама.
Терапия бойынша резидентура бағдарламасы
Медицина мектебіДәреже: Резидентура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Сипаттамасы: Терапия бойынша резидентура бағдарламасы – бұл қауіпсіздік мәдениетін сақтай отырып және сапаны үнемі жақсарта отырып, ішкі аурулар практикасы үшін үздік дәрігерлерді даярлаудың үш жылдық бағдарламасы. Біздің бағдарлама амбулаториялық көмек, госпитальдық медицина саласындағы мансапты жалғастыру немесе мамандық бойынша одан әрі оқу үшін толық білікті дәрігерлерді дайындайды.
Жалпы хирургия бойынша резидентура бағдарламасы
Медицина мектебіДәреже: Резидентура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 5 жыл
Сипаттамасы: Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің жалпы хирургия резидентурасы – бұл бағдарламаны науқастарға күтім көрсету және хирургиялық тәжірибе бойынша біліктілікті арттыратын іргелі және клиникалық зерттеулерге бағыттау арқылы жалпы хирургия бойынша медицина докторларын даярлауға арналған бес жылдық бағдарлама.
Анестезиология және реаниматология саласындағы резидентура бағдарламасы
Медицина мектебіДәреже: Резидентура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Анестезиология және реаниматология бойынша резидентура бағдарламасы – бұл ауруханада да, амбулаториялық жағдайда да жұмыс жасай алатын анестезиолог-реаниматолог дәрігерлерді даярлаудың төрт жылдық бағдарламасы.
Урология саласындағы резидентура бағдарламасы
Медицина мектебіДәреже: Резидентура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 5 жыл
Сипаттамасы: Урология саласындағы резидентура бағдарламасы – бұл екі жыл жалпы хирургия және үш жыл урология саласындағы мамандарды даярлау бағдарламаларын қамтитын бес жылдық резидентура бағдарламасы.
Радиология саласындағы резидентура бағдарламасы
Медицина мектебіДәреже: Резидентура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 5 жыл
Сипаттамасы: Радиология саласындағы резидентура бағдарламасы – бұл педиатрия, жедел радиология, асқазан-ішек жолдары, кеуде қуысы, қимыл-тірек аппараты, жүрек-қан тамырлары жүйесі, сүт бездерін визуалдау, ультрадыбыс, позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ), компьютерлік томография (КТ), магнитті-резонанстық томография (МРТ) сияқты барлық радиологиялық мамандықтар бойынша алғашқы үш жылдағы кезектесетін бес жылдық бағдарлама.
Ортопедия және травматология саласындағы резидентура бағдарламасы
Медицина мектебіДәреже: Резидентура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 5 жыл
Сипаттамасы: Ортопедия/травматология бойынша резидентура бағдарламасы — бұл жан-жақты білімді, тәуелсіз, іскер, этикалық тұрғыдан жауапты, креативті, ғылыми инновацияларға қызығушылық танытатын және демократиялық құндылықтарды қолдайтын, проблемаларды толық шеше алатын және командада жұмыс істей алатын маманды дайындауға бағытталған бес жылдық бағдарлама.
Патологиялық анатомия резидентура бағдарламасы
Медицина мектебіДәреже: Резидентура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Сипаттамасы: Анатомиялық патология (AP) бойынша резидентура бағдарламасы адам ағзасының барлық органдар жүйесінен алынған патологиялық тіндерді түсіндіру және диагностикалау дағдылары бар жалпы бейінді патология жөніндегі дәрігер-мамандарды даярлауға бағытталған.
Химия саласындағы философия докторы
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: «Химия саласындағы докторантура» бағдарламасы студенттерді химия саласындағы тәуелсіз тәжірибеші болуға дайындауға арналған. Бағдарлама теория бойынша да, практика бойынша да оқытудың қарқынды тәсілін көздейді, бұл студенттерге академияда, зерттеулер мен әзірлемелерде, ғылыми стартаптарда және өнеркәсіпте түрлі мансаптық бағыттарға жақсы дайындалуға мүмкіндік береді.
Математика саласындағы докторантура
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Ұсынылып отырған PhD бағдарламасы математика кафедрасының рөлін кеңейтеді, қазіргі кездегі математиканы оқытудан бастап, жоғары оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін барлық студенттердің іргелі математикалық дағдылары мен шеберлігі қалыптасады. Бұл ғылыми-зерттеу қызметі Назарбаев Университетінде математика ғылым ретінде, кем дегенде, басқа ғылымдармен бірдей қарқынмен дамып, одан сайын дами түсетіндігіне кепіл болады, бұл зерттеулерден басқа салалар да пайда табуы мүмкін.
Физика саласындағы докторантура
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Назарбаев университетінің (НУ) Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің (NU SSH) физика саласындағы докторантура бағдарламасы Қазақстанда және шетелде академиялық салада, өнеркәсіпте және зерттеу саласында мансабын жоспарлайтын студенттер сарапшы деңгейінде озық дағдылар мен білім алуы үшін әзірленген. Бағдарлама озық курстардан өту және жоғары деңгейде зерттеу дағдыларын дамыту арқылы білімді жетілдіруге бағытталған.
Білім беру саласындағы докторантура
Жоғары білім беру мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: НУ Жоғары білім беру мектебінің Ғылым докторы бағдарламасы қарқынды курстық даярлықты, беделді университеттің модулін және білім беру саласындағы ғалымдар мен тәуелсіз зерттеушілерді даярлау үшін озық зерттеу әдіснамасын тереңдетіп зерделеуді біріктіреді. Бұл төрт жылдық күндізгі бағдарлама.
Еуразиялық зерттеулер саласындағы философия докторы
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің “Еуразиялық зерттеулер саласындағы докторантура” бағдарламасы – бұл ұзақтығы минимум төрт жыл болатын күндізгі бағдарлама. Сонымен қатар, ол Орталық Азиядағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бойынша жетекші пәнаралық, ағылшын тіліндегі докторлық бағдарлама болып табылады.
Мемлекеттік басқару докторы
Жоғары мемлекеттік саясат мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Сипаттамасы: DPM бағдарламасы – өз дағдыларын жетілдіріп, мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтуді қалайтын мемлекеттік сектордың аға мамандарына арналған. Бұл 36 айлық бағдарлама – кемінде 8 жыл жұмыс өтілі бар, оның бір бөлігі шешім қабылдауға жауапты лауазымда өткен мемлекеттік қызметшілер үшін қолайлы.
Мемлекеттік саясат саласындағы докторантура
Жоғары мемлекеттік саясат мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: 2017 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (ЖМСМ) 4 жылға есептелген Мемлекеттік саясат саласындағы PhD бағдарламасын іске қосты.
Компьютерлік ғылымдар саласындағы докторантура
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Компьютерлік ғылым саласындағы докторантура бағдарламасы ғылыми, салалық және компьютерлік ғылымның кез-келген саласында ғылыми мансапты жоспарлаған адамдарға озық дағдылар мен терең білім беруге арналған. Бағдарлама зерттеу дағдыларының өсуімен бірге табиғатты терең түсінуге, есептеу принциптері мен қосымшаларын енгізу мен бағалауды дамытуға бағытталған.
Жаһандық денсаулық сақтау саласындағы докторантура
Медицина мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Жаһандық денсаулық сақтау саласындағы докторантура бағдарламасының миссиясы жаһандық денсаулық зерттеушілерінің келесі ұрпағын оқыту және оларды Қазақстанда, Орталық Азияда және бүкіл әлемде денсаулықты жақсарту және денсаулық саласында теңдікке қол жеткізу үшін осы салада көшбасшылықты қамтамасыз етуге дайындау.
Биомедицина ғылымдары саласындағы докторантура
Медицина мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Биомедицина ғылымдары бойынша PhD дәрежесі – Назарбаев Университетінің Медицина мектебі ұсынатын PhD бағдарламасы. Студенттер 4 күздік, 4 көктемдік және 4 жазғы семестрде 240 ECTS кредитін орындауы керек, бұл Болон процесі мен PhD бағдарламалары үшін Еуропалық аударма және ұпай жинау жүйесі (ECTS) талаптарына сәйкес келеді.
Өмір туралы ғылымдар саласындағы докторантура бағдарламасы
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Бағдарлама өмір туралы ғылымдардағы деректерді құру, талдау және интерпретациялау үшін сандық тәсілдерге (эксперименттік зерттеу әдістері, есептеу, статистикалық) негізделген пәнаралық бағыттылығы мен интеграцияланған зерттеу тәсіліне байланысты Қазақстанда бірегей болып табылады. Зерттеу өрістері молекулалардан экожүйеге дейінгі барлық өмір туралы ғылымдарды қамтуы мүмкін.
Іскерлік әкімшілендіру саласындағы ғылым докторы (PhD)
Жоғары бизнес мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Бизнес әкімшілігі бойынша PhD бағдарламасы жетекші академиялық мекемелерде оқытушы болуды немесе тиісті ұйымдарда қолданбалы зерттеулер жүргізуді мақсат еткен студенттерге арналған.
Тау-кен инжинирингі саласындағы докторантура бағдарламасы
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Тау-кен инжинирингі саласындағы докторантура бағдарламасы пәнінің кез-келген бөлімінде академиялық, өнеркәсіптік және ғылыми-зерттеу саласында мансапты жоспарлайтын адамдар үшін, жоғары деңгейлі білімдер мен терең білім базасын ұсынуға арналған. Бағдарлама негіздерді терең түсінуді дамытуға, тау-кен инженериясының қағидаттары мен қосымшаларын зерттеу дағдыларын арттырумен бірге іске асыруға және бағалауға бағытталған.
Мұнай-газ ісі саласындағы докторантура бағдарламасы
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Тау-кен инжинирингі саласындағы докторантура бағдарламасы пәнінің кез-келген бөлімінде академиялық, өнеркәсіптік және ғылыми-зерттеу саласында мансапты жоспарлайтын адамдар үшін, жоғары деңгейлі білімдер мен терең білім базасын ұсынуға арналған.
Ғылым, инженерия және технология саласындағы PhD бағдарламасы
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Толығымен ағылшын тілінде оқытылатын ғылым, инженерия және технология саласындағы PhD бағдарламасы (PhD бағдарламасы) техника және ғылым саласында академиялық, өндірістік және ғылыми-зерттеу институттарында мансапты жоспарлайтын тұлғаларға сарапшылық деңгейде алдыңғы қатарлы дағдылар мен күрделі білім базасын қамтамасыз етуге арналған. Бағдарлама зерттеу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ инженерлік принциптер мен қолданбалардың табиғатын, жүзеге асырылуын және бағалауын терең түсінуге бағытталған.
Химиялық инженерия саласындағы докторантура
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Химиялық инженерия саласындағы докторантура бағдарламасы (бұдан әрі – докторантура) химия инженериясының кез келген саласында академиялық, өндірістік немесе ғылыми-зерттеу саласында кәсіби мансапты жалғастыруды жоспарлайтын студенттерге сараптамалық деңгейде жетілдірілген дағдылар мен терең білім беруге арналған мамандық.
Робот техникасы саласындағы докторантура
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Робот техникасы инженерия саласындағы докторантура бағдарламасы ғылымда, өндірісте және робот техникасы кез-келген саласында зерттеу жүргізуді жоспарлайтын адамдарға озық дағдылар мен терең білім беруге арналған бағдарлама түрі.
Механикалық инженерия саласындағы докторантура
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Толығымен ағылшын тілінде оқытылатын Механикалық инженерия саласындағы докторантура бағдарламасы инженерияның кез келген саласында академиялық, өндірістік және зерттеу орталарында мансапты жоспарлайтын адамдар үшін сарапшы деңгейінде алдыңғы қатарлы дағдылар мен күрделі білім базасын қамтамасыз етуге арналған.
Электротехникалық инженерия саласындағы докторантура
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Электротехникалық инженерия саласындағы докторантура академиялық, өнеркәсіптік және электротехника пәнінің кез келген қосалқы салаларындағы зерттеулердегі мансапты жоспарлаушылар үшін алдыңғы қатарлы дағдылар мен сарапшылық деңгейдегі білім базасын қамтамасыз етуге арналған.
Құрылыс инженериясы саласындағы докторантура
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Докторантура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Құрылымдық инженерия саласындағы докторантура бағдарламасы кез келген құрылымдық инженерия саласында академиялық, өндірістік немесе ғылыми-зерттеу саласында кәсіби мансапты жалғастыруды жоспарлап отырған студенттерге сараптамалық деңгейде алдыңғы қатарлы дағдылар мен терең білім беруге арналған. ішкі өрістер.
Жер туралы ғылымдар саласындағы ғылым магистрі
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Геологтар жердегі процестерді және пайдалы қазбаларды зерттейтін сонымен қатар тау-кен әдістерін жасайтын мамандар. Геологтар тау-кен ісі, қоршаған ортаны қорғау және тау-кен жұмыстарынан кейін жерді қалпына келтіру саласында жұмыс істейді.
Химия саласындағы ғылым магистрі
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Химия көбінесе «орталық ғылым» ретінде қарастырылады, өйткені қазіргі әлемде аспаптық пән бола отырып, технологиялық прогресті дамытуға және энергетикада, биомедицина мен қоршаған ортада пайдалы материалдарды әзірлеуге ықпал етеді.
Қолданбалы математика саласындағы ғылым магистрі
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Назарбаев Университетінің Қолданбалы математика саласындағы екі жылдық магистратура бағдарламасы озық оқу жоспарын ұсынып, студенттерді қатаң оқу процесіне тартады.
Физика саласындағы ғылым магистрі
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Назарбаев Университетінің физика саласындағы магистратура бағдарламасы – бұл дипломнан кейінгі білім беруді немесе ғылыми-зерттеу компанияларында немесе мемлекеттік секторда мансапты жалғастыруға дайын физиктерді даярлауға бағытталған екі жылдық бағдарлама.
Көптілді білім беру саласындағы магистрі
Жоғары білім беру мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Көптілді білім беру саласындағы гуманитарлық ғылымдар магистрі көптілді білім берудің теорияларын, саясаты мен практикасын қамтиды және үштілді білім берумен тығыз байланысты. Бұл бағдарлама оқыту дағдыларын дамытуға, оқу бағдарламаларын әзірлеуге, жалпы білім берудің тіл саясаты, атап айтқанда тілдерді оқыту саласындағы саясат пен зерттеулерді бағалауға, талдауға бағытталған.
Білім беруді басқару саласының ғылым магистрі
Жоғары білім беру мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Білім беруді басқару саласындағы магистратура бағдарламасы білім беру саласының қызметкерлерін жұмыс орындарында, кәсіби қоғамдастықта және жалпы қоғамда өзгерістерді іске асыру үшін қажетті біліммен, дағдылармен және қабілеттермен қамтамасыз етуге арналған.
«Мемлекеттік басқару магистрі» онлайн-бағдарламасы
Жоғары мемлекеттік саясат мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 20-48 ай
Сипаттамасы: «Мемлекеттік басқару магистрі» онлайн-бағдарламасы (онлайн MPA) мемлекеттік басқару саласында сапалы білім алуға және кәсіптік даярлықтан өтуге ниет білдірген жұмыс істейтін кәсіпқойларға арналған. Осы бағдарлама студенттерді мемлекеттік басқару (теория және практика), қолданбалы экономика және статистика, базалық бағдарламалық қамтамасыз ету, бағдарламаларды бағалау және зерттеу әдістері саласында қажетті біліммен қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік басқару магистрі
Жоғары мемлекеттік саясат мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 1,5 жыл
Сипаттамасы: Мемлекеттік басқару магистрі (MPA) – мемлекеттік басқару саласында сапалы білім алуға ұмтылатын мамандарға арналған бір жарым жылдық күндізгі бағдарлама.
Мемлекеттік саясат магистрі
Жоғары мемлекеттік саясат мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: «Мемлекеттік саясат магистрі» бағдарламасы (MPP бағдарламасы) мемлекеттік саясат саласында толыққанды білім алуға және оқуға ұмтылатын мамандар үшін әзірленген екі жылдық күндізгі оқу бағдарламасы болып табылады. Бұл бағдарлама студенттер үшін саясатты әзірлеу мен талдауға, бағдарламаны бағалау мен басқаруда берік негіз болады.
Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы ғылым магистрі
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің саясаттану саласындағы озық ғалымдарды дайындауға бағытталған магистратураның қолданбалы бағдарламасы болып табылады. Бұл сондай-ақ елімізде алғашқылардың бірі болып саясаттану саласындағы ағылшын тілінде оқытылатын магистратура бағдарламасы.
Еуразиялық зерттеулер саласындағы ғылым магистрі
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі ұсынған Еуразиялық зерттеулер саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистратурасының бағдарламасы түлектер үшін екі жылдық бағдарлама және бүкіл Орталық Азияда Еуразияны зерттейтін бірінші көп бейінді бағдарлама болып табылады.
Қолданбалы жасанды интеллект және деректер ғылымы саласындағы магистрі
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Аралас
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Назарбаев Университетінің "Қолданбалы жасанды интеллект және деректер ғылымы" (Master of Applied Artificial Intelligence & Data Science) магистратура бағдарламасы жасанды интеллект (AI), машиналық оқыту (ML) және деректер ғылымы (Data Science) салаларында жоғары сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған қарқынды әрі инновациялық оқу жоспарын ұсынады.
Деректер туралы ғылым саласындағы ғылым магистрі
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Бұл әлемдік жетекші бағдарламалардың озық тәжірибесіне сәйкес келеді. Мұнда фундаменталдық негіздер инновациялық қосымшалармен біріктірілген.MSDS бағдарламасы информатика, математика, физика, робототехника және сәйкес инженерлік салалар сияқты пәндердің іргелі тұжырымдамаларын қоса алғанда, деректер ғылымында тереңдетілген оқытуды қамтамасыз етеді.
Компьютерлік ғылымдар саласындағы ғылым магистрі
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Информатика ғылымдарының магистрі бағдарламасы студенттерге CS негізгі пәндері туралы терең түсінік беруге арналған екі жылдық бағдарлама (120 ECTS кредиті). Сонымен қатар, олар жаңа салаларды (мысалы, мобильді және кең таралған есептеулер, көп факторлы аутентификация, құпиялылық және қауіпсіздік, тұрақты деректерді жинау, үлкен деректерді талдау және деректерді өндіру) зерттейді.
Мейіргер ісі саласындағы ғылым магистрі
Медицина мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: «Мейірбике ісі саласындағы ғылым магистрі» (MSN) бағдарламасы медицина жұмыскерлеріне болашақты қалыптастыруға және Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесін өзгертуге мүмкіндік беретін жетекші білім беру жолы болып табылады. Осы екі жылдық (төрт семестр) бағдарлама мейірбике ісін ұлттық және халықаралық деңгейде дамытуға бағытталған.
Медицина докторы
Медицина мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (NUSoM) Құрама Штаттардың білім беру моделіне негізделген, Қазақстан Республикасындағы медицина мен денсаулық сақтаудың жаңа дәуірінің көшбасшысы болуға өз мақсатын қоятын дәрігерлерді дайындауға арналған төрт жылдық оқу жоспарын ұсынады.
Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура
Медицина мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі бағдарламасы бітірушілерге денсаулық сақтауды басқару, денсаулық сақтау және денсаулықты нығайту, эпидемиологиялық денсаулық пен ауруды, денсаулық мінез-құлқын зерттеу, биостатистика, денсаулық сақтау жүйесіндегі мансап үшін қажетті соңғы халықаралық стандарттарға негізделген дағдылар мен құзыреттерді дамытып, қондырғыларды зерттеу мен денсаулық сақтау саясатын әзірлеуге даярлайды.
Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру магистрі
Жоғары бизнес мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Демалыс күндері
Оқу мерзімі: 21 ай
Сипаттамасы: Басшыларға арналған MBA бағдарламасы (EMBA) әртүрлі сала мамандарын біріктіре отырып, басшылық қызмет атқаратын білім алушылар үшін бірегей оқу ортасын қамтамасыз етеді.
Қаржы жөніндегі ғылым магистрі
Жоғары бизнес мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 16 ай
Сипаттамасы: Қаржы саласының ғылым магистрі бағдарламасы – бұл қаржы саласында мансап жасауға ұмтылатын, ынтасы өте жоғары деңгейдегі адамдарға арналған мамандандырылған сандық оқыту курсы.
Іскерлік әкімшілендіру магистрі
Жоғары бизнес мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Аралас
Оқу мерзімі: 16 ай
Сипаттамасы: MBA бағдарламасы – бұл Орталық Азияда және одан тыс жерлерде ең беделді компаниялар талап ететін дағдыларды меңгеру үшін арнайы әзірленген күндізгі нысандағы жеделдетілген кешенді бағдарлама.
Экономика саласындағы ғылым магистрі
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Экономика саласындағы магистрлік бағдарлама (MAE) жоғары білікті экономистерді дайындауға бағытталған. Жоғары экономикалық білім аналитикалық, әдістемелік және қолданбалы дағдыларды дамытуды көздейді.
Мұнай-газ ісі саласындағы ғылым магистрі
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Мұнай-газ ісі - бұл мұнай мен табиғи газды барлау және өндірумен айналысатын инженерия саласы. Мұнай инженерлері мұнай және газ қабаттарынан көмірсутегі ресурстарын өндіруге жауапты. Мұнай инженерлері белгілі бір ұңғымадан мұнай мен табиғи газды бұрғылау және алудың ең жақсы әдісін анықтайды.
Тау-кен инжинирингі саласындағы ғылым магистрі
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Тау-кен инженерлері тау-кен компанияларында жұмыс істейді. Тау-кен инженерлері кеніштен пайдалы қазбаларды өндіруді және тасымалдауды қамтитын тау-кен жұмыстарын ұйымдастыруға және басқаруға жауапты.
Робототехника саласындағы ғылым магистрі
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Робототехника саласындағы екіжылдық магистрлік бағдарлама студенттерді робототехникасы саласында академиялық ортада, мемлекеттік саясатта және жеке бизнес салаларында табысты болуы мүмкін кәсіби инженерлер мен ғалымдар ретінде дайындауға арналған.
Биомедициналық инженерия саласындағы ғылым магистрі
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Биомедициналық инженерия - бұл инженерия мен медицинаның дәстүрлі пәндерін біріктіретін салыстырмалы түрде жаңа сала. Биомедициналық инженерия үлестерінің мысалдары: кардиостимуляторларды, жоғары технологиялық қан диализіне арналған жабдықты және рентгендік немесе магниттік-резонансты бейнелеуді қолданатын медициналық бейнелеу жүйелерін дамыту.
Құрылыс және экологиялық инженерия саласындағы ғылым магистрі
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Құрылыс және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылым магистрі бағдарламасы инженерлерді азаматтық және қоршаған ортаны қорғау инженериясының келесі төрт негізгі бағыты бойынша кешенді технологиялық және ғылыми дайындықты қамтамасыз етеді, олар бүгінгі технологиялық талаптарға толық сәйкес келеді.
Химиялық инженерия және материалдар технологиясы саласының ғылым магистрі
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Химиялық инженерия және материалдар технологиясы саласындағы магистратура бағдарламасы – Назарбаев Университетінде (NU) Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі (NU SEDS) ұсынатын мамандандырылған бағдарлама.
Электротехника және компьютерлік инженерия саласының ғылыми магистрі
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Электротехника және компьютерлік инженерия саласындағы магистрлік бағдарлама - бұл инфрақұрылым және көлік жүйелерінде және тік құрылымдар саласында жұмыс істейтін студенттердің алдыңғы қатарлы дағдылары мен білімдерін дамытуға арналған бағдарлама.
Механикалық және аэроғарыштық инженерия саласындағы ғылым магистрі
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Механикалық және аэроғарыштық инженерия саласындағы магистр бағдарламасы қолданбалы механика, энергетика, термофлюдтар, инженерлік дизайн, материалдар және өндіріске бағытталған. Осы технологиялық және ғылыми компоненттерді мұқият зерттеу NU SEDS студенттерін заманауи технологиялық міндеттерді шешуге дайындайды.
Инженерлік менеджмент магистрі
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Магистратура
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: SEDS Инженерлік Менеджмент Магистрі бағдарламасын Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес Мектебімен (NU GSB) бірлесе отыра құрылған бағдарлама. Бұл бағдарлама инженерлік саласындағы көшбасшыларды дамыту үшін техникалық білім мен қар іскерлік білімнің қажеттілігін көрсетеді.
Геология саласындағы ғылым бакалавры
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Геологтар жердегі процестерді және пайдалы қазбаларды зерттейтін сонымен қатар тау-кен әдістерін жасайтын мамандар. Геологтар тау-кен ісі, қоршаған ортаны қорғау және тау-кен жұмыстарынан кейін жерді қалпына келтіру саласында жұмыс істейді.
Математика саласындағы ғылым бакалавры
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Назарбаев Университетінің математика саласындағы ғылымдар бакалавриаты бағдарламасының студенттері математикалық теорияларды оқып, жаратылыстану және инженерлік ғылымдарда қолданылатын математикалық дағдыларды дамытады.
Физика саласындағы ғылым бакалавры
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Назарбаев Университетіндегі физика саласындағы бакалавриат бағдарламасының оқу жоспары студенттерге физиканың іргелі заңдары туралы кең түсінік алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар студенттер математикалық, есептеу және эксперименталды дағдыларын толықтыра отырып, абстрактілі ойлау дағдыларын, шығармашылық ғылыми көзқарасты барынша пайдалануды үйренеді.
Химия саласындағы ғылым бакалавры
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Біздің химия саласындағы ғылым бакалавры бағдарламасы міндетті курстар мен бес элективті курстарды қамтиды: Органикалық химия, Органикалық емес химия, Физикалық химия, Аналитикалық химия, Биохимия.
Тілдер, лингвистика және әдебиет саласындағы өнер бакалавры
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің тілдер, лингвистика және әдебиет саласындағы бакалавриат бағдарламасы қолданбалы болып табылады, яғни студенттер тіл білімі, тілдер мен әдебиет саласындағы білім мен дағдылардың толық жиынтығын алады және де әрі қарай жұмыс істеуге дайын болады.
Тарих, философия және дінтану саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бакалавры
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Тарих, философия және дінтану саласындағы бакалавриат бағдарламасының студенттеріне гуманитарлық, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің дәлелдерін тиімді талдау және пікірлер мен дәлелдерді негізделген бағалау өнеріне үйретеді.
Әлеуметтану саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бакалавры
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің әлеуметтану бакалавры әлеуметтік қатынастар мен адамның әлеуметтік институттарын зерттейді.
Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бакалавры
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы бакалавриат бағдарламасы саясаткерлердің келесі буынының қажетті дайындығын қамтамасыз етеді.
Антропология саласындағы бакалавр
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Антропология саласындағы бакалавриат бағдарламасының студенттеріне антропология, пәннің мамандануы, теориялар және едіснама туралы жан-жақты білім ұсынылған.
Компьютерлік ғылымдар саласындағы инженерия бакалавры
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Компьютерлік ғылымдар бакалавр бағдарламасы студенттерімізге ғылым, математика және есептеу құзіреттіліктерінің берік негізін қалыптастырады. Біздің студенттер жүйелі мәселелерді шешуді, бағдарламалауды және бағдарламалық жасақтауды тәжірибе барысында жобалық басқару негіздеріне сай қолданады.
Медицина саласындағы бакалавры (6 жылдық)
Медицина мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 6 жыл
Сипаттамасы: Бағдарлама талантты және мақсатқа ұмтылған мектеп түлектері үшін арнайы әзірленген, олар жоғары білікті дәрігерлер болу үшін күрделі және ауқымды оқу курсынан өтуге дайын.
Медбикелік іс бакалавры
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Сипаттамасы: Медбикелік іс бакалавры (МІБ) бағдарламасы екі жыл (төрт семестр) оқудан кейін кәсіби біліктілікті беретін, «Медбикелі іс бакалавры» академиялық дәрежесін аяқтауға әкелетін күндізгі бөлімдегі бакалавриат оқу бағдарламасы болып табылады.
Биология ғылымдары саласындағы ғылым бакалавры
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: "Назарбаев университетінің жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің биология ғылымдары саласындағы ғылым бакалавры" академиялық бағдарламасының оқу жоспарында теория және практикалық зертханалық тәжірибе біріктірілген.
Іскерлік әкімшілендіру саласындағы бакалавры
Жоғары бизнес мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Іскерлік әкімшілендіру бакалавр дәрежесі қазіргі динамикалық іскерлік ортада қажетті ауыспалы дағдыларды дамытуға арналған. Біздің бағдарлама бизнес қағидаларында, басқару стратегияларында және көшбасшылық әдістемелерінде жан-жақты негізді ұсынады.
Экономика бакалавриат бағдарламасы
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Назарбаев Университетінің Экономика саласындағы бакалавриат бағдарламасы бизнесте, мемлекеттік секторда және ҮЕҰ-да экономикалық қағидаттардың өзектілігі мен қолданылуына шоғырландырылған. Бағдарламаның оқу жоспарында қазіргі заманғы нарықтық экономиканы ескере отырып екпін түсірілген және экономикалық шешімдер қабылдау үшін қажетті дағдылардың маңыздылығы атап көрсетіледі.
Робототехникалық инженерия саласындағы ғылым бакалавры
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Робототехника саласындағы бакалавр - бұл Қазақстанда бұрын-соңды болмаған, робототехника жаңа технологияларды енгізетін революциялық, төрт жылдық бағдарлама. Бұл бағдарлама студенттерді болашақ кәсіпорындарға және дипломдық жұмысты инновациялық проблемаларды шешуге әзірлейді.
Тау-кен және минералдар инженериясы бойынша ғылым бакалавры
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Тау-кен инженерлері тау-кен компанияларында жұмыс істейді. Тау-кен инженерлері кеніштен пайдалы қазбаларды өндіруді және тасымалдауды қамтитын тау-кен жұмыстарын ұйымдастыруға және басқаруға жауапты. Тау-кен инженерлері тау-кен машиналарын, әдістерін және процестерін жобалауға, әзірлеуге және сынауға маманданған.
Мұнай-газ ісі саласындағы ғылым бакалавры
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Мұнай және газ ісі - бұл мұнай мен табиғи газды барлау және өндірумен айналысатын инженерия саласы. Мұнай инженерлері мұнай және газ қабаттарынан көмірсутегі ресурстарын өндіруге жауапты. Мұнай инженерлері белгілі бір ұңғымадан мұнай мен табиғи газды бұрғылау және алудың ең жақсы әдісін анықтайды. Олар бұрғылау жұмыстарын қадағалайды және кез келген операциялық ақауларды түзетеді.
Құрылыс және экологиялық инженериясының бакалавры
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Құрылыс және экологиялық инженерия төрт жылға созылған бакалавр бағдарламасы. Заманауи қоғамның тұрақтылығына және әрі қарай тұрақты түрде дамуына тәжірибе негізінде бағытталған мамандық. Бұл бағдарлама мемлекеттік және жеке меншік нысандарды тиімді басқаруға қажетті микро және макро дизайн тұжырымдамаларын жүзеге асырады.
Электротехника және компьютерлік инженериясының бакалавры
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Электротехника және компьютерлік инженерия саласындағы инженерия бакалавры - төрт жылдық бағдарлама, электрлік және электронды инженерия үшін қажет көптеген іргелі қағидаттарды оқытады.
Химиялық инженерия және материалдар технологиясы бакалавры
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Химиялық және материалдық инженерия бакалавры студенттерге химиялық және материалдық өндірістерде сәтті тәжірибе өту үшін ғылыми-зерттеу және химиялық өңдеу дағдыларын үйретеді. NU SEDS оқытушылары қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру, энергияны өндіру және сақтау, ғаламдық азық-түлікпен қамтамасыз ету және фармацевтика өндірісі сияқты салалардағы инженерлердің өсіп келе жатқан жаһандық сұранысты қанағаттандыру мақсатында студенттерді оқыту үшін төрт жылдық бағдарламаны жасады.
Механикалық және аэроғарыштық инженериясының бакалавры
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіДәреже: Бакалавриат
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Сипаттамасы: Механикалық және аэроғарыштық инженерия саласындағы инженерия бакалавры бағдарламасы машина жасау мен аэроғарыштық инженерияның мамандандырылған салаларын біріктіреді. Заманауи оқу бағдарламасы студенттерге мамандықтың екі бағытының да теориялық тұжырымдамаларын жобалық форматта оқытуға арналған.
Университет алдындағы дайындық бағдарламасы
Дайындық мектебіДәреже: Университет алдындағы дайындық бағдарламасы
Оқу тілі: Ағылшын
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 1 жыл
Сипаттамасы: Назарбаев Университетінің Университет алдындағы дайындық бағдарламасы (NUFYP) - студенттерге академиялық білім алуға және Назарбаев Университетінде бакалавриатта оқуды сәтті бастауға қажетті оқу дағдылары мен жауапкершілік деңгейін дамытуға көмектесу үшін әзірленген бір жылдық академиялық дайындық бағдарламасы.

