Біздің мектептер туралы көбірек біліңіз
Назарбаев Университетінде сегіз мектеп студенттерге түрлі академиялық бағыттарды зерттеуге және жаһандық өзекті мәселелерді шешуге бағытталған зерттеулерде бірлесіп жұмыс істеуге шексіз мүмкіндіктер ұсынады. NU-дың академиялық және зерттеу бағдарламалары әлемнің үздік 30 жоғары оқу орнының қатарына кіретін жетекші университеттермен бірлесе әзірленген.

Дайындық мектебі
Назарбаев Университетінің Дайындық мектебі (NU CPS) студенттерді Назарбаев Университетінде оқуға, сондай-ақ шетелдік университеттерге түсуге дайындайды. Біздің университетке дейінгі дайындық бағдарламамызды Британдық академиялық мақсаттағы ағылшын тілі оқытушыларының қауымдастығы (BALEAP) аккредиттеп, Ұлыбритания мен бүкіл әлемнің жетекші университеттері мойындады.

Жоғары бизнес мектебі
Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі (NU GSB) халықаралық нарықтарды қайта құруға ниет білдірген бизнесмендер үшін тиісті және практикалық курстарды өткізу жолымен болашақ көшбасшыларды қалыптастыруға бағытталған.
GSB байланысты ұйымдар
NURCE
Кәсіпкерлікті зерттеу орталығы (NURCE) — Nazarbayev University Жоғары бизнес мектебі жанындағы жаңа зерттеу орталығы. NURCE кәсіпкерлік саласындағы жетекші зерттеу орталығы болуды мақсат етеді.
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі
Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (NU SSH) оқытушы-профессорлар құрамы (ОПҚ) докторлық дәрежелері бар әлемнің жетекші университеттерінен келген ғалымдардан тұрады. Бізде сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары саласында әртүрлі зерттеулермен айналысатын ғалымдар бар, олар шамамен 90 зертханада өз жобаларымен жұмыс істейді. Біздің кейбір оқытушылар Еуразиялық зерттеулер саласында жұмыс істейді.

SSH байланысты ұйымдар
NLA
Астана ұлттық зертханасы (NLA) медицина, денсаулық сақтау, энергия, материалтану және жасыл энергетика сияқты салаларда зерттеулер жүргізеді. Зертхана заманауи ғылыми инфрақұрылыммен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, сондай-ақ әлемнің жетекші университеттері және ғылыми ұйымдарымен ынтымақтасады.
ECL
«Energetic Cosmos Laboratory» зертханасы (ECL) — 2017 жылы Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Смут негізін қалаған жетекші астрофизикалық зерттеу орталығы. ECL миссиясы — физика мен астрофизиканың іргелі сұрақтарын зерттеу, техникалық сарапшылықты дамыту және NU-дағы инновацияларды қолдау.
National Conservation Initiative
«National Conservation Initiative» қайырымдылық қоры 2012 жылы құрылды. Қордың негізгі мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму, климаттың өзгеруі, биоәртүрлілікті сақтау және тарихи-мәдени мұраны қорғау бойынша жобаларды жүзеге асыру.
NAC
Ұлттық талдау орталығы (NAC) — Nazarbayev University базасындағы Қазақстанның жетекші талдау орталығы. NAC нақты деректерді, озық модельдеуді және ішкі-сыртқы саясат, экономика және қоғамды терең түсінуді пайдалана отырып, шешім қабылдауды қолдайтын қолданбалы зерттеулер мен стратегиялық талдау жүргізеді.
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі
Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі (NU SMG) 2016 жылы ашылды және қазіргі уақытта бакалавриат деңгейінде «Геология», «Тау-кен инжинирингі» және «Мұнай-газ ісі» және магистратура мен докторантура деңгейлерінде «Тау-кен инжинирингі» және «Мұнай-газ ісі» саласында бағдарламалар ұсынады. NU SMG мақсаты — болашақ Жер туралы ғылымдар саласындағы көшбасшыларды оқыту және Қазақстанның, аймақтартың және әлем нарығына дайындау.


Медицина Мектебі
Назарбаев Университетінің Медицина Мектебі (NUSOM) денсаулық сақтаудың жаһандық желісінен алынған медициналық клиникалармен және биомедициналық ғалымдармен бірлесе отырып, АҚШ үлгісіндегі оқу бағдарламасына сәйкес, барлық бағдарламаларын ағылшын тілінде ұсынған алғашқы мектеп. NUSOM Қазақстан Республикасындағы медициналық білімнің сапасын арттыру және денсаулық сақтау саласындағы реформалардың міндеттеріне жауап беретін медициналық көмектің трансформациялық жүйесін жасау үшін құрылған.
NUSOM байланысты ұйымдар
UMC
«University Medical Center» корпоративтік қоры — Nazarbayev University академиялық денсаулық сақтау жүйесінің бір бөлігі. Жүйе халықаралық стандарттар негізінде және University of Pittsburgh Медицина мектебі (UPSOM) мен оның медициналық орталығының (UPMC) тәжірибесіне сүйене отырып құрылған.
NU Biomedical Research Center
Nazarbayev University Биомедициналық зерттеу орталығы 2025 жылы құрылды. 5600 шаршы метрден асатын орталық биомедициналық және клиникаға дейінгі зерттеулерге арналған заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Мұнда геномика, молекулалық биология, тін инженериясы, регенеративті медицина және трансляциялық зерттеулер платформалары орналасқан.

Жоғары білім беру мектебі
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі (NU GSE) 2012 жылы құрылды. Мектеп зерттеулерді, сапалы оқытуды және сенімді дәлелдерді үйлестіретін оқу жоспарының көмегімен білім берудің ой-өрісін, саясаты мен практикасын толық өзгертуге ұмтылу миссиясын ұстанады.
GSE байланысты ұйымдар
CARCEIT
CARCEIT — Орталық Азиядағы білім беру зерттеулерінің жетекші хабы болуды көздейтін динамикалық ғылыми орталық. Оның миссиясы — жаһандық теория мен білімге үлес қосу, білім беру саясатына, көшбасшылыққа және тәжірибеге әсер ету, сондай-ақ гранттар беру арқылы өңірлік зерттеу қауымдастығын дамыту.
Жоғары мемлекеттік саясат мектебі
Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (NU GSPP) миссиясы адамдардың өмір сапасын жақсарту мақсатында мамандар мен көшбасшыларды түбегейлі мемлекеттік саясат пен тиімді басқаруды түсіну мен жүзеге асыруға оқып үйрету болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін біз саясат пен көшбасшылықтың негізгі мәселелеріне назар аудара отырып, оқытудың, зерттеулер жүргізу мен басшы кадрлардың біліктілігін арттырудың жоғары деңгейін ұсынамыз.

GSPP байланысты ұйымдар
NAC
NAC-тың құрылымдық бөлімшелері Қазақстан өңірлері мен Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық үдерістерді зерттеумен, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған саясаттық ұсыныстар әзірлеумен айналысады.
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі
NU Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі (NU SEDS) барлық оқу бағдарламаларын дәстүрлі дәріс пен зертхана форматындағы инженерия және ғылым саласындағы оқытуды жаңғырту мақсатында жасады. Бағдарламалар заманауи компоненттерді қамтиды және студенттерді сыни ойлау мен жобалық тапсырмалар арқылы белсенді оқуға тартады.
STEM білім беру саласындағы әлемдік деңгейдегі көшбасшы ретінде, NU SEDS түлектері таңдаған мамандықтары бойынша жоғары білікті сарапшылар ретінде жаһандық еңбек нарығына шығады. Олар Орталық Азия мен Еуразияның жоғары технологиялық салаларындағы қиындықтарды еңсеретін жаңашыл мамандарға айналады.
SEDS-тің басты мақсаты – студенттердің сыни ойлау қабілеті мен креативті жобалау дағдыларын дамыту үшін заманауи технологиялар мен зерттеулерді пайдалану.

SEDS байланысты ұйымдар
ISSAI
Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) — 2019 жылдың қыркүйегінде құрылған Қазақстанның цифрлық саласындағы зерттеу мен инновацияларды дамытатын жетекші институт. Ол жасанды интеллект бойынша зерттеулер жүргізіп, өнеркәсіп пен қоғамның нақты мәселелерін шешуге бағытталған машиналық интеллект бойынша пәнаралық жобалармен айналысады.
Center for Energy and New Materials Science
Энергетика және жаңа материалдар орталығы қазақстандық және халықаралық серіктестермен бірге озық энергетикалық шешімдер әзірлеумен айналысады. Орталық таза энергия, тиімді ресурс пайдалану және энергия үнемдеу салаларында қолданылатын физика, химия, материалтану және ІТ бағыттары бойынша Орталық Азияның жетекші хабы болуды мақсат етеді.