Оқу

Академиялық қызметтер

Кітапхана

Nazarbayev University-дің кітапханасы – кампустың аумағындағы ең танымал және адам көп жиналатын жерлердің бірі. Кітапхана ақпараттық ресурстар мен кітапхана ісі саласындағы соңғы технологияларға сәйкес жабдықталған. Кітапхананың жұмысы барынша автоматтандырылған. Оқу залдарында интернетке қосылған компьютерлер, автоматтандырылған кітап беру станциялары орнатылған. Пайдаланушылардың электрондық деректер базасына қолжетімділігі қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні кітапхана ағылшын тіліндегі ақпараттық ресурстардың (кітаптардың, мерзімді басылымдар мен электрондық ресурстардың) Қазақстандағы ең үлкен коллекциясына ие болып отыр.

Академиялық кеңес беру офисі

Академиялық кеңес беру офисі (АКО) бакалавриаттың бірінші курс студенттерімен жұмыс істейді. АКО студенттерге олардың академиялық мақсаттары мен жоспарларын құру, дамыту және жүзеге асыруға көмек көрсетеді. Студенттер оқу жылы ішінде жеке кеңес алуға және өздерінің академиялық кеңесшілерімен мамандық таңдау, курстарды таңдау және оларға тіркелу, мамандық ауыстыру, академиялық жетістіктер, академиялық қағидалар мен рәсімдер, ресурстар мен мүмкіндіктер жөніндегі топтық сессияларға қатысуға мүмкіндіктері бар.

Регистратор офисі

Регистратор офисі - университеттің академиялық бөлімі, студенттердің мәліметтер базасына, сонымен қатар оқу процесін ұйымдастыруға және бақылауға жауап береді. Бұл офис студенттерге, оқытушыларға, қызметкерлерге және бүкіл университет қауымдастығына оқу процесін ұйымдастыруда жан-жақты қолдау көрсетеді.

Академиялық жазу орталығы

Жазу орталығы – университетте жазу мәдениетін дамытуға арналған бірегей ұжым. Орталықтың негізгі мақсаты – студенттерге сапалы, мазмұнды және тиімді коммуникация дағдыларын дамытуға көмектесу. Олардың қызметтері жеке кеңес беру сессияларын, интерактивті семинарлар, мастер-класстар мен студенттерге арналған арнайы оқу ресурстарын қамтиды. Орталық студенттерге академиялық жазудың барлық кезеңінде қолдау көрсетеді, оларға өз ойларын анық жеткізе білуге және тәуелсіз зерттеушілер ретінде қалыптасуына жәрдемдеседі.

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы (CAC) семинарлар мен кәсіби даму бағдарламалары арқылы өмір бойы қажетті мансаптық дағдыларды дамытуға ықпал етеді. Орталық жұмыс берушілермен және тағылымдама ұсынатын ұйымдармен әріптестік орнатып, кампус аумағындағы іс-шаралар арқылы NU студенттері мен түлектерін жұмысқа тартуға қолдау көрсетеді, түрлі компанияларды таныстырылым өткізуге шақырады, экскурсияларды ұйымдастырады, NU түлектеріне арналған іс-шаралар өткізеді де үш жылдық міндетті жұмыс өтеу процесін басқарады.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53