ЖИ және энергетика: Purdue профессорының дәрісі

ЖИ және энергетика: Purdue профессорының дәрісі

NU-де Purdue университетінің (АҚШ) профессоры, энергетика мен жасанды интеллект саласындағы жетекші сарапшылардың бірі Lefteri H. Tsoukalas «The AI–Energy Nexus» тақырыбында қонақ дәріс оқыды. Дәріске жасанды интеллект пен энергетика тоғысындағы заманауи шешімдерге қызығушылық танытқан оқытушылар, зерттеушілер және студенттер қатысты.

Іс-шараны NU жанындағы National Laboratory Astana құрамындағы Өзық сенсорлар зертханасы ұйымдастырды. Профессор Tsoukalas — 300-ден астам ғылыми мақаланың авторы, Гумбольдт сыйлығының иегері және Америкалық ядролық қоғамның мүшесі. Дәріс барысында ол ЖИ-дің ядролық энергетика, интеллектуалды желілер және сенсорлық диагностика салаларын түбегейлі өзгертетінін, сондай-ақ қауіпсіз және орнықты энергетикалық шешімдерге жол ашатынын атап өтті.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын АҚШ-тағы алғашқы толық цифрлық басқару жүйесі бар PUR-1 реакторының мысалы тудырды. Бұл шешім ЖИ технологияларының ядролық саладағы қауіпсіздік пен тиімділікті арттырудағы мүмкіндіктерін көрсетті.

Сапар аясында NU және NLA басшылығымен дөңгелек үстел өтіп, атом энергетикасында ЖИ-ді қолдану, газ сенсорларының заманауи технологиялары, энергия және сенсорлық жүйелерде ЖИ-дің рөлі, сондай-ақ келер ұрпаққа арналған материалтану салаларында бірлескен зерттеу бағыттары талқыланды. Кездесу нәтижесінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы келісімге келінді.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53