«Дипломатиядағы әйелдер»: Британдық Елші NU студенттеріне дәріс оқыды

2023 жылғы 27 наурызда Қазақстандағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Елшісі Кэти Лич ханым Назарбаев Университетінде «Дипломатиядағы әйелдер» тақырыбында қонақтық дәріс оқыды. Дәріс тақырыбы студенттердің, әсіресе, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің студенттерінің үлкен назарын аударды.

2023 жылғы 27 наурызда Қазақстандағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Елшісі Кэти Лич ханым Назарбаев Университетінде «Дипломатиядағы әйелдер» тақырыбында қонақтық дәріс оқыды. Дәріс тақырыбы студенттердің, әсіресе, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің студенттерінің үлкен назарын аударды. Кэти Лич ханым дипломатиялық қызметте кәсіби мансап құру тарихымен, өмірлік тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ гендерлік стереотиптерге байланысты кездескен қиындықтары туралы айтты.

Кэти Лич ханым Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігіндегі еңбек жолын 2000 жылы Еуропа департаментінде Еуропалық Одақтың сауда және даму саясаты бөлімінің маманы ретінде бастады. Дипломаттың айтуынша, сол жылдары, Ұлыбританияда 260-тан астам елші лауазымының тек 2%-ға жуығы әйелдер болған. Ел өз алдына саясаттағы гендерлік теңсіздікпен және әйелдердің дипломатиялық қызметке жарамсыздығы туралы теріс пікірмен күресу міндетін қойды. Дәрістен кейін берген сұхбатында Елші тұрақты, оң бейбітшілікке қол жеткізу және тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету үшін медиация үдерістеріндегі әйелдердің ерекше рөлін атап өтті. Дипломат Назарбаев Университеті қауымдастығының гендерлік теңдік пен тең мүмкіндіктерді ілгерілетуге қатысуын ерекше атап өтті.

«Университет ортасы — бұл мәселелерді көтеруге тамаша орын, өйткені бұл жерде әйелдер мен ерлер тең дәрежеде бірге оқитын, адамдар болашақ туралы сөйлесетін, адамдар өз идеяларын қалыптастыратын орын. Сондықтан бұл болашақта гендерлік теңдік идеяларын сіңіріп, ілгерілету үшін тамаша орын деп ойлаймын», — деп атап өтті Елші.

Кэти Лич ханым NU студенттерін өздері және елі үшін дамуды қалайтын, сол үшін жұмыс істеп жатқан тамаша оқушылар ретінде білемін деп, әрбір студентке сәттілік тіледі.

Кэти Лич ханым Қазақстан Республикасындағы Елшісі ретінде миссиясын 2021 жылдың тамызында бастады. Ол бұған дейін Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі Еуропа, Конституция және өкілеттік департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған. Лич ханым орыс, француз, жапон және армян тілдерін біледі және қазір қазақ тілін үйренуде.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53