Мектеп уақытында қандай дағдыларды жетілдіру керек?

Құрметті мектеп түлектері!Соңғы жылдары еңбек нарығында тенденцияның ауысып жатқанын бақылап жүрміз. Егер бұрын күн сайын қайталанатын тапсырмаларды орындау үшін стандарттарды сақтау өзекті болса, бүгінде жұмыс істеудің мұндай тәсілдері маңызды емес.

Құрметті мектеп түлектері!

Соңғы жылдары еңбек нарығында тенденцияның ауысып жатқанын бақылап жүрміз. Егер бұрын күн сайын қайталанатын тапсырмаларды орындау үшін стандарттарды сақтау өзекті болса, бүгінде жұмыс істеудің мұндай тәсілдері маңызды емес. Бүгінгі таңда еңбек нарығында жаңа шындыққа оңай және үнемді бейімделетін, қазіргі трендтерді тез игеретін және озық технологияларды белсенді қолданатын адам сұранысқа ие. Әр саланың өкілдері жылдам өзгеру дәуірінде негізгі дағдыларға ие болуы керек. Осы жағдайда ғана адам логикалық және сыни ойлауды, кретивті және қоршаған қоғаммен тиімді қарым-қатынас жасау қабілетін пайдалана отырып, кез келген өзгерістерге дайын маман болып қала алады.

Жоғарыда аталған дағдыларды меңгерудегі артықшылық оларды меңгеру уақыты мен орнына қарамастан үздіксіз дамыту және жетілдіру мүмкіндігінде. Мектеп қабырғасында, әлі мектеп түлегі атанбай-ақ, проблемалық мәселелерді шешу қабілетінде үлкендермен сәтті бәсекелесуге әбден болады.

Болашақ мамандығыңызды таңдауда бар қабілеттердің қатар дамуына көңіл бөліп, күш салу маңызды. Қажетті дағдыларға ие болған жағдайда ғана әр адам өзі таңдаған саланың кәсіби маманы бола алады.

Осы орайда Сіздерді кәсіптік бағдар беру өкілдерімен ұйымдастырылған тікелей эфирімізге шақырамыз. Эфир барысында біз мектептегі тынымсыз даму мен жетілдіруді қажет ететін дағдыларды қалай дамытуға болатыны туралы әңгімелесетін боламыз.

Эфир болашақ үміткерлерге арналған және орыс тілінде жүргізіледі, дегенмен спикерлерге сұрақтарыңызды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қоюға болады.

Ізгі ниетпен,

NU Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53