Nazarbayev University-де (NU) Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) ұйымдастырған «Жасанды интеллект және циркулярлы экономика: құрылыс саласындағы болашақ саясат пен тәжірибені қалыптастыру» конференциясы өтті. Іс-шараға 120-дан астам сарапшы, мемлекеттік органдар өкілдері, зерттеушілер және студенттер қатысты. Конференция жасанды интеллекттің ресурсты үнемдейтін, қайта айналымға бағытталған құрылысқа көшу үдерісін қалай жеделдетіп, қалалардың тұрақты дамуына қалай ықпал ете алатынына арналды.
Қатысушылар құрылыс саласындағы заманауи цифрлық шешімдер, аналитикалық құралдар және циркулярлы жобалау тәсілдерін талқылады. Жасанды интеллекттің қалалардың циркулярлығын өлшейтін нақты индикаторлар әзірлеудегі рөлі және экологиялық жағынан тиімді, ақылды әрі орнықты қалаларды дамытудағы мүмкіндіктері атап өтілді. Бағдарламада қалалық тұрақтылық, Circular City Indexing (CCI), құрылыс үдерістерін цифрлық басқару және ресурс үнемдейтін жобалау тақырыптары қамтылды.
NU президенті профессор Вакар Ахмад, профессор Ферхат Карача және ISSAI жетекшісі профессор Атакан Варол қатысушыларға құттықтау сөз арнады.
«Жасанды интеллект – экономиканың дамуына, инфрақұрылымды жоспарлауға, қоршаған ортаны басқаруға және елдің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін қуатты құрал», — деді профессор Ахмад. «Қазақстан сияқты урбанизациясы қарқынды елдер үшін ИИ маңызды талдамалық негіз ұсынады». Ол тұрақты әрі болашаққа бейім қалалар қалыптастыру үшін ИИ мен циркулярлы экономиканың бірігуінің маңыздылығын атап өтті.
Алғашқы пленарлық баяндама Минью университетінің профессоры, ЕО қаржыландыратын CircularB жобасының үйлестірушісі Луиш Брагансаға (Luís Bragança) берілді. Ол циркулярлы құрылысқа қолдау көрсететін өмірлік циклді бағалау құралдары мен цифрлық платформалар туралы айтты. Профессор циркулярлыққа қол жеткізу өлшенетін көрсеткіштер мен тиісті экономикалық және жобалық жағдайлар болғанда мүмкін екенін атап өтіп, ИИ мұндай бағалаулардың дәлдігін, тиімділігін және ауқымын айтарлықтай арттыра алатынын жеткізді.
Конференцияда Астана қаласының Урбанистика орталығы, Қазақстанның «жасыл құрылыс» жөніндегі кеңесі, БҰҰ Даму бағдарламасының ұлттық командасы және NU өкілдері де баяндама жасады. Сонымен қатар студенттер ИИ-ге негізделген жобалау, циркулярлы құрылыс және болашақта тұрақты даму үшін қажет болатын дағдылар жөніндегі өз көзқарастарымен















