Stanford Start X акселераторының бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Дарш Манн бес күнге созылған сапары барысында 15-тен астам жалпы және жеке кездесулер өткізді. Ал осы сапар аясында бекітілген меморандум Қазақстан мен ТМД-дағы көптеген стартаптардың қанат қағуына сенімді негіз бола алады.
Stanford Start X компаниясымен өзара уағдаластықтың арқасында біздің талантты және өршіл жастар өз идеяларын жаһандық деңгейде алға жылжыта алады. Stanford Start X 16 «жалғыз мүйіз» компанияларды өсіріп шығарды. Start X таңдайтын жобалардың 92%-ы X деңгейіне жетеді. Олар өздерінің миллиондық айналымын бірнеше есе арттырды, дегенмен Stanford Start X үшін орташа минималды есеп шамамен 10 миллион долларды құрайды.
Дарш Манн Назарбаев Университетінде, Әлеуметтік даму қорында, «Astana Business campus» ЖШС, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Astana Hub, TechHub, AIFC Ұлттық биотехнология орталығында, Ғылым қорында және Цифрлық даму және инновациялар министрлігінде болды.
Алматыда Jas Ventures Almaty бағдарламаларының қызметкерлерімен және түлектерімен, НУ түлектері, NIS түлектері өкілдерімен және инкубаторлар, акселераторлар, MOST, ҚБТУ, ALMAU, MUIT, Tech Garden университеттерінің өкілдерімен әңгімелесті. Сонымен қатар, Алматы қаласының Цифрландыру департаменті және NU Endowment Fund қызметкерлерімен кездесті.







