Әлеуметтік сауалнама: студенттер білім алуға ең қолайлы университетті атады

AQYL ALEM компаниясы қазақстандық бакалавриат студенттері арасында социологиялық зерттеу жүргізіп, студенттердің өз университетіндегі білім сапасына көңілі толатынын немесе көңілі толмайтынын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. AQYL ALEM Қазақстанның 43 ірі университетінің студенттеріне сауалнама жүргізді.

AQYL ALEM компаниясы қазақстандық бакалавриат студенттері арасында социологиялық зерттеу жүргізіп, студенттердің өз университетіндегі білім сапасына көңілі толатынын немесе көңілі толмайтынын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

AQYL ALEM Қазақстанның 43 ірі университетінің студенттеріне сауалнама жүргізді. Оларды студенттердің университетке деген жалпы қанағаттануы, сабақ кестесі мен пәндердің тұрақтылығы, жұмысқа орналасуға көмектесу, басшылық, жатақханадағы тұрмыс жағдайы, түрлі секциялардың болуы қызықтырды. Сарапшылар жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлықпен күресу шараларын бөлек атап өтті.

Барлық қазақстандық жоғары оқу орындарының жалпы рейтингінде NU ең көп ұпай жинады. Сонымен қатар, NU әкімшілік және техникалық қызметкерлері ең жауапты қызметкерлер атанды.

Сондай-ақ, «AQYL ALEM» сауалнамаға қатысқан студенттердің барлығы дерлік жатақханадағы тұрмыс жағдайына шағымданатынын баса айтты. Бұл көрсеткіш бойынша ЖОО-лар ең төмен балл көрсетті. Мүмкін болатын 100 тапсырманың ішінде NU қайтадан ең жоғары ұпайға ие болды (71 ұпай).

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53