Nazarbayev University Shanghai Ranking ұсынған Global Ranking of Academic Subjects (GRAS) 2025 пәндік рейтингіне енді. Shanghai Ranking рейтингі — әлемдегі ең беделді халықаралық рейтингтердің бірі және университеттердің сапасы мен ғылыми нәтижелілігін жеке пәндер бойынша қатаң бағалайды.
2025 жылғы рейтингте NU Орталық Азиядан жалғыз университет болып, үш пәндік бағытта ұсынылды:
- Civil Engineering (Тұрғын үй және құрылыс инженериясы) — 301–400 диапазоны (алғаш рет ену)
- Telecommunication Engineering (Телекоммуникациялық инженерия) — 301–400 диапазоны
- Education (Білім беру) — 401–500 диапазоны (алғаш рет ену)
Nazarbayev University Президенті Вакар Ахмад атап өтті: «Пәндік рейтингтерге ену ғылыми белсенділіктің, зерттеулер сапасының және NU халықаралық ынтымақтастығының жүйелі өсуін көрсетеді. Біз өзіміздің ғылыми бағыттарымызды халықаралық академиялық рейтингтерде кеңінен көрсетуге және студенттерімізді, профессорларымызды және зерттеушілерімізді қолдауға жұмысымызды жалғастырамыз».

Shanghai Ranking әлем бойынша шамамен 2000 университетті бағалайды. Бағалау критерийлеріне Нобель сыйлығы лауреаттарының болуы, Nature және Science журналдарындағы жарияланымдар, ғылыми өнімділік және халықаралық басылымдарда дәйектілік, жарияланымдардың сапасы, әлемдік деңгейдегі профессорлық-педагогикалық құрам және халықаралық ғылыми ынтымақтастық жатады.
Еске салайық, 2025 жылғы қазан айында Times Higher Education (THE) World University Rankings 2026 рейтингі жарияланды, онда NU 401–500 диапазонына енді, сонымен қатар Орталық Азия мен Кавказдағы университеттер арасында 1-ші орын және ТМД елдеріндегі университеттер арасында 4-ші орынға ие болды. Бұл Қазақстанның жоғары білім жүйесінің сапасы мен халықаралық беделінің тұрақты өсуін көрсетеді.








