Scopus Awards: НУ «Үздік ғылыми жетістіктері үшін» марапатталды

15 қарашада Астанада өткен Scopus Awards Kazakhstan 2022 салтанатты рәсімінде Назарбаев Университеті «Үздік ғылыми жетістіктері үшін» («Research Excellence») номинациясы бойынша Scopus Award сыйлығын алды. Сонымен қатар, NU-дың сегіз ғалымы өз саласындағы ғылыми жетістіктері үшін сыйлық алды.

15 қарашада Астанада өткен Scopus Awards Kazakhstan 2022 салтанатты рәсімінде Назарбаев Университеті «Үздік ғылыми жетістіктері үшін» («Research Excellence») номинациясы бойынша Scopus Award сыйлығын алды. Сонымен қатар, NU-дың сегіз ғалымы өз саласындағы ғылыми жетістіктері үшін сыйлық алды.

Elsevier Scopus-тің Қазақстандық зерттеу сыйлығының салтанатты марапатында атап өтілген ғалымдарымызды құттықтаймыз!

Жеңімпаздар тізімі:

1. Саффет Ягиз (Saffet Yagiz), Қауымдастырылған профессор, Тау-кен жəне жер туралы ғылымдар мектебі; Тау-кен кафедрасы;

2. Дэниэл Торрано, Қауымдастырылған профессор, Жоғары білім беру мектебі;

3. Жұмабай Бакенов, Профессор, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, Энергетика және жаңа материалдар туралы ғылым орталығы директорының м.а, NLA;

4. Ферхат Карача (Ferhat Karaca), Қауымдастырылған профессор, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі;

5. Мехди Багери (Mehdi Bagheri), Қауымдастырылған профессор, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі;

6. Беруз Махам (Behrouz Maham), Қауымдастырылған профессор, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі;

7. Димитри Поддиге (Dimitri Poddighe), Қауымдастырылған профессор, Медицина мектебі, Университеттік медициналық орталықтың (UMC) клиникалық академиялық департаментітің басшысы;

8. Абдужаппар Гаипов, Қауымдастырылған профессор, Медицина мектебі.

Халықаралық Scopus Awards сыйлығы – ғалымдар жетістіктерінің объективті көрсеткіші болып саналады. Жеке автордың отандық ғылымның дамуына қосқан үлесі халықаралық журналдарда жарияланған ғылыми мақалалары мен оларға сілтемелер санымен өлшенедію Осының арқасында бағалауда субъективітілік жоқ. Жарияланған мақалалар саны 7 000 халықаралық баспалардың ғылыми, техникалық және медициналық журналдарының 23 000-нан астам атауын қамтитын дүние жүзіндегі ең ірі көпсалалы рефераттар базасы SCOPUS дерекқорын пайдалана отырып индекстеледі.

Ғылыми ақпарат саласындағы танымал көшбасшы Elsevier басшылығы елдердің үкіметтерімен бірлесе отырып, көптеген жылдар бойы әлемнің көрнекті зерттеушілері мен жас ғалымдарын марапаттап келеді.

Марапаттау рәсімі «Sheraton Astana» қонақүйінде өтіп, шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің алғысөзімен басталды.

«Егер біз тәжірибемізді, құзыреттерімізді және күш-қуатымызды біріктірсек, әлеуметтік-экономикалық өсім мен дамуға нақты үлес қосамыз, сол арқылы осы әлемді өзіміз және балаларымыз үшін жақсы орынға айналдыруға көмектесе аламыз деп ойлаймын», — деді министр.

Марапаттау рәсімі аясында дөңгелек үстел өтіп, онда барлық марапат иегерлері Қазақстандағы ғылыми зерттеулердің болашағы туралы пікір таластырды әрі өз тәжірибелерімен бөлісті.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53