450-ден астам адам семинарларға қатысуға ниет білдірді. Онлайн-семинарлардан бөлек, қатысушылар жобаның веб-сайты мен YouTube-арнасы арқылы оқуға қол жеткізді, сондай-ақ көшпелі дәрістер өткізілді.
Бір ай бойы НУ кітапханашылары Ақмола облысының мектеп кітапханашыларын, мұғалімдері мен мектеп оқушыларын заманауи цифрлық технологиялармен таныстырды және цифрлық ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын, сондай-ақ инклюзия негіздерін үйретті.
Назарбаев Университеті кітапханасының бас сарапшысы Петр Лапоның айтуынша, кітапхана ісіндегі инклюзивтілік сайттағы қаріптің ұлғаюымен шектелмейді.
«Ерекше қажеттіліктері бар адамның ақпаратқа толыққанды қол жеткізуі үшін тиісті ақпараттық және психологиялық орта құрудан бастап, жаңа технологияларды оқытуға дейін кешенді шаралар қабылдау қажет. Ақпараттық кітапхана қызметінде ақпараттық процестің барлық қатысушыларының құқықтарын:зияткерлік меншік иелерінің құқықтарын да,әр азаматтың, оның ішінде барлық студенттер мен мұғалімдердің ақпаратқа қол жеткізу құқығын құрметтеу тиіс», – деп атап өтті Петр Лапо.
Толығырақ Bilimdinews.kz. материалдан оқыңыз








