Қазақстанның 28 университетінің басшылары жоғары білім беру саласындағы трансформацияға дайын

1-2 желтоқсанда Назарбаев Университетінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі дайындаған «Басқарушы университеттің көшбасшылығы» бағдарламасы аяқталды. Шараның ашылуында қатысушылар алдында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова сөз сөйледі.

1-2 желтоқсанда Назарбаев Университетінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі дайындаған «Басқарушы университеттің көшбасшылығы» бағдарламасы аяқталды.

Шараның ашылуында қатысушылар алдында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова сөз сөйледі. Ол Мемлекет басшысы алға қойған білім сапасын арттыру міндетін жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

«Әлеуметтік және инфрақұрылымдық салаларда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, білім сапасын арттыру міндеті бірінші орында тұр. Біз Ұлттық баяндаманың жобасын дайындадық. Оның мақсаты – оқытуды ұйымдастыру парадигмасынан тұлғаның қалыптасуын қалыптастыру парадигмасына көшуі. Біртұтас тәсіл оқытудың бірізділігі мен үздіксіздігін қалыптастыруға көмектеседі. Осы бағдарлама бойынша құзыреттілігін арттырған ректорлар мен проректорлардың енді білімдерін орта буын менеджерлерге де жеткізу маңызды», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі ұйымдастырған «Университет басшыларына арналған көшбасшылық» бағдарламасы Қазақстанның 28 мемлекеттік университетінің басшыларын, оның ішінде ректор, проректор, декандар мен кафедра директорларын біріктіріп, заманауи динамикалық ортада университеттерді тиімді басқару үшін қажет білім мен практикалық құралдармен таңысуға мақсатталған. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ешенқұлов Талғат өз сөзінде бағдарламаны ұйымдастыру үшін Назарбаев Университетінің ұжымына алғыс айтып, курстың тәжірибелік құрамдас бөлігінің маңыздылығын атап өтті.

«Жоғары білім саласындағы көшбасшылардың дайындығы – министрліктің бақылауында тұратын мәселелердің бірі. Назарбаев Университеттің ұжымы біздің ұсынысты қолдап, осындай 9 модульден құрылған курс дайындады. Бағдарламада көшбасшылық, шешім қабылдау, зерттеу қызметі, және шетелдік университеттермен біздің тәжірибемізді салыстыру бағыттарын қамтиды», — атап өтті вице-министр.

2023 жылдың сәуірінде іске қосылған бағдарлама 9 интерактивті модульді қамтыды. Көшбасшылардың әрбір кездесуі университеттегі қайта құрудың әртүрлі процесстеріне арналды. Олардың ішінде: университеттердің құндылық бағдарлары, көшбасшылық, университет құрылымы, студенттік мәселелерді шешу және академиялық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету. Курс аясында ректорлар мен проректорлар жоғары білім саласындағы отандық және халықаралық сарапшылардың, министрліктер өкілдерінің, ҚР Парламенті депутаттарының дәрістерін тыңдап, топтық жұмыс жасап, университеттерде атқарылған жұмысын атап өтіп, тәжірибелерімен бөлісті.

8-ші халықаралық модуль аясында қатысушылар рейтингі жоғары британдық — Bath University, Reading University и Cardiff Metropolitan University — университеттердің – озық тәжірибелерін егжей-тегжейлі зерттей алды.

Қорытынды модуль барысында 2 күн бойы қатысушылар болашақтағы техникалық, педагогикалық және ұлттық университеттер қандай болуы керек деген сұрақтарға жауап беріп, топтық жобаларын қорғады. Сонымен қатар «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының жобасын талқылады.

Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің деканының айтуынша, мектеп алдында тұрған мақсаттардың бірі – топ-менеджерлердің көшбасшылық және кәсіби дағдыларын дамыту арқылы университеттерді жүйелі түрлендіруге, оларды басқарудың жаңа моделіне көшуге ықпал ету. Ұлттық баяндама жобасын талқылағанда декан жоғары білімнің цифрлық трансформациясының маңыздылығына ерекше тоқталды. «Менің ойымша, гибридтілік пен икемділік болашақта жоғары білім берудің негізгі ерекшеліктері болады. Бұл тек онлайн білім беру туралы емес, синхронды және асинхронды оқытуды біріктіретін HyFlex білім беру моделі туралы айтып отырмын. Жоғары білімге гибридті көзқарас оның инклюзивтілігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге әсер етеді», — деп атап өтті Аида Сағынтаева.

Соңғы модульдің қорытындысы бойынша 2 желтоқсанда 81 қатысушы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қолынан бағдарлама аяқтағаны туралы сертификат алды. Министр 9 модульге белсенді қатысу үшін алғыс айтып, курс барысында пайда болған қорытындылар мен идеялар іс жүзінде қолданылатынына сенім білдірді. Айта кету керек, университет басшыларына арналған бұл курс Academic Leadership Program («Академиялық көшбасшылық бағдарламасы») жобасы аясында өтті. Сондай-ақ декандар мен университет қызметкерлерінің басқа да негізгі санаттары үшін курстар құру жоспарлануда.

Executive University Leadership бағдарламасының серіктестері: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, британдық Бат университеті, Рединг университеті мен Кардифф Метрополитен университеті, сондай-ақ жоғары білім саласындағы халықаралық сарапшылар Дэвид Локк пен профессор Джон Дэвис.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53