Қазақстан Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі NU-ға келді

5 наурыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цой Nazarbayev University-не келді. Сапар барысында оқу орнының ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инфрақұрылымымен танысты.

Оған геномдық және дербестендірілген медицина, энергия сақтау жүйелері, электрондық микроскопия зертханалары, сондай-ақ Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының (ISSAI) ғылыми жобалары таныстырылды. Мемлекет басшысының кеңесшісі университетте жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің деңгейіне жоғары баға берді.

NU атқарушы вице-президенті Аслан Саринжипов пен вице-президент Асель Увалиева Алексей Цойға университеттің негізгі ғылыми және академиялық жетістіктері туралы баяндады.

Кездесу қорытындысында тараптар ел үшін стратегиялық маңызы бар бағыттарда ғылыми әлеуетті күшейту мәселелерін қоса алғанда, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдірді.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53