5 қаңтарда профессор Бьёрн Биргиссон Nazarbayev University командасына зерттеу және инновациялар жөніндегі вице-провост ретінде қосылды. Бұған дейін ол University of Georgia-ның Экологиялық, азаматтық, ауыл шаруашылығы және механикалық инженерия мектебіне басшылық еткен.
Жаңа қызметте профессор Биргиссон Университеттің зерттеу стратегиясын, инновациялық экожүйесін дамыту, сондай-ақ индустрия пен мемлекеттік құрылымдармен серіктестікті үйлестіреді. Ол зерттеулер жөніндегі вице-декандармен тығыз жұмыс істеп, NU-дың әлемдік деңгейдегі беделін нығайтуға, зерттеу жұмыстарына тартылған қаржыландыру көлемін ұлғайтуға және халықаралық әрі секторлық серіктестіктерді кеңейтуге маңызды үлес қоспақ.
Профессор Бьёрн Биргиссон — тұрақты инфрақұрылымдық жүйелер, жол төсемдері, көлік инженериясы және тұрақты құрылыс материалдары саласындағы әлемге танымал ғалым. Ол — Швецияның Корольдік инженерлік академиясының, Америкалық құрылыс инженерлері қоғамының (ASCE) және Инженерлік механика институтының халықаралық мүшесі.
Бұған дейін профессор Биргиссон түрлі елдердің жетекші университеттерінде академиялық және зерттеу жұмыстары бойынша басшылық қызметтерде болған. Aston University-де (Ұлыбритания) проректор және инженерлік ғылымдар бойынша атқарушы декан ретінде студенттер қатарын 45%-ға арттырған. Ол зерттеулер жөніндегі вице-президент ретінде KTH Royal Institute of Technology (Швеция) Horizon 2020 бағдарламасы аясында Еуропалық одақ гранттарын ең көп жеңіп алып, университеттің техникалық жоғары оқу орындары арасындағы беделі артқан. Texas A&M University-де (АҚШ) құрметті профессор ретінде Инфрақұрылымды жаңарту орталығын құрып басқарған, ол қазіргі кезде ұлттық деңгейдегі зерттеу орталығы ретінде танылған.
Профессор Биргиссон University of Minnesota-дан азаматтық құрылыс саласы бойынша PhD дәрежесін алған.









