Президенттік жастар кадр резервінің 20%-ы — NU түлектері

Олар алдағы үш жыл ішінде саяси, әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға және басқарушылық қызметтерге тағайындалуы мүмкін.

Әр екі жыл сайын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі талантты әрі талабы зор жастардың өтініштерін қабылдап, алты кезеңнен тұратын конкурс өткізеді, солардың ішінен елдің ең беделді кадр резервіне лайықтыларды таңдап алады. Биыл шамамен 32 мың өтініш берушінің арасынан барлығы 50 адам іріктелді. Олардың әр бесінші бөлігі — NU түлегі. Университет Times Higher Education World University Rankings 2026 рейтингінде Қазақстан, Орталық Азия және Кавказ бойынша жетекші оқу орны ретінде мойындалды.

2025 жылғы резервистерді іріктеудегі маңызды жаңалық — резерв биыл мемлекеттік аппарат үшін ең қажетті салалар бойынша қалыптастырылды. Алты бағыттың бесеуіне NU түлектері іріктелді:

Экономикалық және қаржылық саясат — Рауан Канкин, Алуа Махметова және Нұржан Сұлтанбек

Цифрландыру — Жансая Дәуренова, Ақжан Жансейітова және Мадина Өмірзақова

Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты — Айқожа Әбсадықов және Данияр Әшімов

Сыртқы саясат және инвестициялар — Даниял Омаров

Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау — Айгүл Мүсірепова

ПЖКР Қазақстан Үкіметі тарапынан түрлі салаларда жаңа формациядағы басқарушылар тобын құру мақсатында ойластырылған. Олар жауапкершілікті алудан, стандартты емес және тиімді шешімдер қабылдаудан қорықпайды делінген. Резерв 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді, және осы уақыт ішінде оған 450 адам іріктелді. Қазіргі таңда алғашқы үш толқынның 400 резервистінің 321-і (80,7%) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жұмыс істеп жүр.

Nazarbayev University заманауи Қазақстанның адами капиталын қалыптастыратын стратегиялық маңызды институт ретінде еліміздің түрлі салалары үшін үздік мамандарды дайындайды, және осы орайда ПЖКР-ге іріктелген түлектерін мақтан етеді!

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53