НУ ЖББМ мектепке дейінгі инклюзивті білім беру саласындағы мамандар үшін оқыту өткізді

ICP ерте жастағы балаларға арналған инклюзивті ұйымдарда кіші жастағы мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуына және дамуына қолдау көрсету үшін 12 түрлі практиканы қамтиды. Екі күндік тегін тренингке мектепке дейінгі білім берудің 14 маманы, соның ішінде 12 астаналық мемлекеттік балабақшалардың және Қарағанды қаласының бір мемлекеттік балабақшасының дефектологтары, логопедтері, психологтары қатысты.

ICP ерте жастағы балаларға арналған инклюзивті ұйымдарда кіші жастағы мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуына және дамуына қолдау көрсету үшін 12 түрлі практиканы қамтиды.

Екі күндік тегін тренингке мектепке дейінгі білім берудің 14 маманы, соның ішінде 12 астаналық мемлекеттік балабақшалардың және Қарағанды қаласының бір мемлекеттік балабақшасының дефектологтары, логопедтері, психологтары қатысты. Оқытуды АҚШ-тағы Иллинойс университетінің маманы Никки Доннелли жүргізді.

ICP ерте жастағы балаларға арналған білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін кіші жастағы балалардың жеке қажеттіліктерін қолдауға ықпал ететін сыныптағы инклюзивті практиканың сапасын бағалауға арналған). Бұл құрал (ICP) құқық иеленушілердің рұқсатымен қазақ және орыс тілдеріне аударылды. Оқу басталар алдында барлық қатысушыларға құралдың көшірмесі ұсынылды.

ICP оқытуға және кейіннен қолдануға қатысқан балабақшалардың белсенді қатысуы олардың Қазақстандағы мектепке дейінгі инклюзивті білім беруді дамытуға қызығушылығын көрсетеді:

«Жалпы алғанда, барлығына (балабақша қызметкерлеріне) бұл құрал ұнады және олар оны Қазақстанда қолдану үшін қолайлы және әбден мүмкін деп санайды, тек біздің менталитетіміз бен өңірімізге бейімдеп, кейбір жақсартулар енгізу қажет». – деп өз ойымен бөлісті Динара Каратаева, «№53 «Мерей» бөбекжай-бақшасы» МКҚК дефектологы.

Инклюзивті білім беруді бағалауға арналған ICP құралын қолдану жөніндегі осы тренинг Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру практикасының күшті және әлсіз жақтарын ашуға көмектесті. Педагогтердің айтуынша, инклюзивті білім беру Қазақстанда салыстырмалы түрде жақында енгізілді. Оны іс жүзінде жүзеге асыру үшін көптеген жүйелі және әлеуметтік кедергілер бар, соның ішінде оқытылған персоналдың жетіспеушілігі, шамадан тыс толған топтар және ерекше білім беруді қажет ететін балалардың жеке қажеттіліктерін қолдайтын тәрбиешілердің жетіспеушілігі. Алайда кез келген оқыту, оның ішінде тұрақты оқыту және бақылаудың жаңа құралының көмегімен ағымдағы практиканы бағалау мүмкіндігі Қазақстанда мектепке дейінгі инклюзивті білім беруді дамытуға ықпал етеді. НУ ЖББМ инклюзивті білім беру теориясы мен практикасы арасындағы алшақтықты жоюға өз үлесін қосу үшін Қазақстанның мектепке дейінгі ұйымдарымен және мектептерімен ынтымақтастықты кеңейтуге үміттенеді.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53