NUARC-2025: Тіркелу Басталды
2025 жылғы 17–19 қыркүйек аралығында Nazarbayev University алаңында NUARC-2025 атты екінші халықаралық конференция өтеді. Бұл шара – Қазақстанда және одан тысқары жерлерде зерттеу мәдениетін дамытуға арналған басты алаң.
Биылғы конференцияның тақырыбы – «Инновацияларды қолдау: Қазақстан зерттеушілерінің жаңа буынын өсіру». Ол болашақ ғалымдарды тәрбиелеуде тәлімгерліктің және тәжірибелік білімнің маңызын айқындайды.
Бағдарламада:
-
Заманауи ғылыми жобалар ұсынылатын постерлік сессиялар
-
Алдыңғы қатарлы ғалымдардың пленарлық дәрістері
-
Академиялық сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктерге арналған панельдік пікірталастар
-
Ғылыми дағдыларды дамытуға бағытталған практикалық шеберлік сабақтары.
Қатысушылар тәжірибе алмасып, жаңа идеяларды талқылап, Қазақстандағы өзгермелі академиялық ортаға бейімделудің жолдарын іздей алады.
Шақырылған спикерлердің қатарында:
-
Себастьен Пейруз (George Washington University): «Жергіліктіден жаһандыққа: Қазақстандағы зерттеулердің халықаралық деңгейде маңыздылығын арттыру»
-
Томас Йенч (Leibniz-Forschungsinstitut für Molekulare Pharmakologie): «Биологиялық мембраналар арқылы аниондық тасымалдау: физиология және патология»
-
Джошуа Геллерс (University of North Florida): «Қарсылық пен дүрлігу арасында: жасанды интеллекттің прагматикалық болашағы».
NUARC-2025-ке тіркелу ашық. Бұл – әртүрлі бағыттағы сарапшылар, пікір жетекшілері мен жас ғалымдар үшін бірегей диалог алаңы.








