NU Times Higher Education–2026 пәндік рейтингінде 100 орынға көтерілді

Times Higher Education 2026 жылға арналған әлемдік университеттердің пәндік рейтингтерін жариялады. Nazarbayev University (NU) бірқатар негізгі академиялық бағыттар бойынша өз позициясын нығайтты.

NU Медицина және денсаулық сақтау бағыты бойынша 301–400 диапазонына көтеріліп, соңғы екі жылдағы тұрақты өсімді жалғастырды. Өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыты да осы топқа еніп, 301–400 аралығына көтерілді.

Білім беру (Education Studies) бағыты қатарынан тағы да NU ішіндегі ең үздік нәтижені көрсетті және әлемдік рейтингте 176–200 диапазонында орын алды.

Инженерия және Әлеуметтік ғылымдар бағдарламалары 401–500 диапазонында, Компьютерлік ғылымдар 501–600 тобында бағаланды. Ал Физикалық ғылымдар мен Бизнес және экономика бағыттары 601–800 аралығындағы позицияларын сақтап қалды.

Times Higher Education пәндік рейтингтері әлемнің түкпір-түкпіріндегі университеттерді қамтып, 11 пәндік бағыт бойынша кешенді әдістеме негізінде бағалайды.

NU Президенті профессор Вакар Ахмад былай деп атап өтті:

«Nazarbayev University білім беру, зерттеу және инновация салаларында жоғары сапаға ұмтылады және осы бағыттардың барлығына жүйелі түрде инвестиция салып келеді. Біз беделді аккредитацияларға ие болғанымызды және Advance HE-мен маңызды серіктестік аясында профессорлық-оқытушылар құрамын оқыту құзыреттерін арттыруда қолдап отырғанымызды мақтан тұтамыз. Пәндік рейтингтердегі бұл ілгерілеу жан-жақты академиялық жетілдіруге деген ұстанымымызды көрсетеді».

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53