NU студенті «Жыл волонтері – 2025» халықаралық сыйлығының лауреаты атанды

5 желтоқсанда Астанада Халықаралық волонтерлер күніне және Халықаралық волонтерлер жылының ашылуына орайластырылған «Жыл волонтері – 2025» халықаралық сыйлығын табыстау салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық волонтерлік желінің қатысуымен ұйымдастырды.

Биыл байқауға 15 номинация бойынша 118 өтінім түсіп, олардың нәтижесінде 46 лауреат анықталды.

Nazarbayev University Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің 1-курс студенті Жасұлан Төлеубековтің «Қоршаған ортаны сақтау және қорғауға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша лауреат атанғанын мақтанышпен хабарлайды. Оның экологиялық волонтерлік қызметі, табиғатты қорғау бастамаларына қатысуы және жастар арасында экологиялық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі сарапшылар қауымдастығы тарапынан жоғары бағаланды.

Жасұланды шын жүректен құттықтаймыз және  алдағы уақытта да экологиялық әрі қоғамдық бастамаларды іске асыруда табыс тілейміз!

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53