NU SSH студенттері АҚШ-та қысқа мерзімді интенсивті курстарға қатысты

NU SSH 2 курс студенттері, саясаттану және халықаралық қатынастар мамандығы бойынша оқып жұрген Камила Бисенқұлова, математикада оқитын Ақнұр Қалилаева және болашақ әлеуметтанушы Жәния Кәкім жас көшбасшы әйелдерге арналған АҚШ-тың институтарын зерттеу бағдарламасына қатысты. Бұл бағдарлама Делавэр университетінің, Канзас университетінің, Грин Ривер және Сент-Мэри колледждерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

NU SSH 2 курс студенттері, саясаттану және халықаралық қатынастар мамандығы бойынша оқып жұрген Камила Бисенқұлова, математикада оқитын Ақнұр Қалилаева және болашақ әлеуметтанушы Жәния Кәкім жас көшбасшы әйелдерге арналған АҚШ-тың институтарын зерттеу бағдарламасына қатысты.

Бұл бағдарлама Делавэр университетінің, Канзас университетінің, Грин Ривер және Сент-Мэри колледждерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Қысқа мерзімді қарқынды академиялық бағдарламаның мақсаты – студенттерге Америка Құрама Штаттары туралы тереңірек түсінік беру және олардың көшбасшылық қасиеттерін арттыру.

Жыл сайын әрбір институт азаматтық белсенділік, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту, қоршаған ортаны қорғау мәселелері және мемлекеттік саясат сияқты тақырыптарды зерттейтін 20 қатысушыны қабылдайды. Студенттер 4 апталық академиялық резиденция барысында пікірталастар, презентациялар және лекциялар сериясына қатысады. Көрікті жерлерге бару, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, әртүрлі мәдени шаралар мен қоғамдық жұмыстар академиялық сабақтарды толықтырады.

Қазақстанға төрт орын берілді. Ең мықты үміткерлер-жоғары ынталы және оқуда көшбасшылықты көрсететін, қоғамдық өмірге және сыныптан тыс жұмыстарға қатысатын адамдар.

Бағдарлама туралы толығырақ АҚШ Елшілігінің веб-сайтынан білуге болады.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53